Мәдениет

Шығысқазақстандық делегация Шәуешекке аттанып кетті

Шығысқазақстандық  делегация Шәуешекке  аттанып кетті

Кеше құрамында 150 адам бар шығысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласына аттанып кетті.
Бұл сапардың басты мақсаты – көршілес мемлекеттердің шекаралық аймақтары арасында халықаралық байланысты арттыру, әз-Наурызды халықаралық дәрежеде мерекелеу аясында наурыздың 26-28 күндері Шәуешек қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндерін өткізу.
Облыстың мәдени күндері аясында Шығыстың брендтік өнімдерінің көрмесі, Семей филармониясы өнерпаздарының гала-концерті өтеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, екі жақты кездесулер ұйымдастырылып, екі меморандумға қол қойылмақ. Оның бірі бауырлас қалалар ретінде Аягөз және Дөрбелжің шаһарларына қатысты болса, екіншісі облысымыз бен Шәуешек қаласының мәдениет салаларына қатысты жүзеге асырылмақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button