Тарих

Шыңғыс хан және оның немерелері

Шыңғыс хан және оның немерелері


Шыңғыс ханның алтайлық қазақ екенін зерттеушілер мен ғалымдардың, жылнамашылардың жазғандарына қарап білуге болады.

Мәселен, орыстың ғалымы, академик В.Федотовтың «Записки о границах Россий» кітабында былай делінеді: «Қазіргі моңғолдар деп жүргеніміз буряттар. Орыстар шекара белгілегенде, бурят халқы ормандық және далалық болып екіге бөлініп қалды. Далалық моңғолдар мен ормандық буряттардың тілі, діні, ділі, дәстүрі – бір. Олардың саны аз, сондықтан олар Қытай секілді ұлы мемлекеттерге соғыс ашуы мүмкін емес еді. Ал Шыңғыс хан мен оның қарамағындағы тайпалар қыпшақтар болатын. Олар қыпшақша, яғни көне қазақша сөйледі. «Моңғол» сөзі қыпшақтың «мың қол» дегенінен шығады.
Тарихшылардың қателігінен ол «моңғол» боп өзгеріп кеткен. Шыңғыс ханнан кейін оған қарап тұрған ру-тайпалар Алтай асып, қазіргі Қазақстан аумағына орнықты. Көшпелі жұрт Ертіс аңғары мен Жетісуды мекендеп қалды. Қазір олар қазақ халқының жартысынан астамын құрайды».

Тағы бір мысал келтіре кетейік: «Шыңғыс хан мен оның айналасы таза қыпшақтар болатын. Қыпшақтардың құрамына қоңырат, найман, жалайыр, қият, уақ, меркіт және өзге ру-тайпалар енді. Осы тайпалардан Шыңғыс хан жинақтаған әскер «Мың қол» деп аталды. Сол кезде өмір сүрген испан жылнамашысы және елшісі Клавихо осылай жазады».

Шыңғыс ханның немересі Құбағұл (орыс, қытай жылнамашылары өз тілдеріне жақындатып Хулагу деп жазып келген) ұлы атасы Шыңғыс ханның тақтан кеткенінен жиырма жыл өткен соң соғыс өнерін әбден үйреніп, шеберлігін арттырып, ұлы хан Мөңкенің тұсында әрі соның рұқсатымен Персияны, яғни қазақ батырлар жырындағы қызылбастар елін жаулауға аттанады. Құбағұлдың әскеріне Дешті Қыпшақ жерінен Батыл хан (Бату) мен Шағатай ұлысынан жіберілген түмендер қосылды. Қалың әскер Құбағұлдың басқаруымен 1253 жылы қазіргі буряттардың жерінен немесе көне қазақтардың ұлы аймағына жататын өлкеден (Алтайдың арғы-бергі беттері көнеден түркі қыпшақ-қазақ жері болғандықтан Түркістан деуге әбден болар. Құртымдай ғана елді керемет қылып дабырайтпай-ақ, ұлы жорықтар ұйымдастырып еді деп өтіріктен бар жасамайық) Персияға бет алды. Жолдарында біраз елдерді басып алған Құбағұл 1258 жылы Персияға жетеді. Осман түріктерінің күші жетпеген қызылбастар елін қыпшақтар көп қиындықсыз жаулап алды. Ең әдемі, көрікті қаласы Тавризді империя орталығына айналдырады. Персияға жорық жолында Құбағұл Кавказ елдерін, қолөнері дамыған Әзірбайжан сұлтанатын өзіне қаратып алған еді.

Сонымен, түркі қыпшақтардың жаңа мемлекеті пайда болды. Оған батысында Ирак (Вавилония), оңтүстігінде Фарс өңірі және Персияның шығысындағы Хорасан қаласы мен оның атырабы, сондай-ақ Медея жерлері (қазіргі Армения, Әзірбайжан әрі Грузияның бір бөлігі кіретін) болды. Бұл өлкелер өркениеттің жоғарғы сатысында тұрған болатын. Шыңғыс хан немерелерінің ішінен Дешті Қыпшақ жерінің тайпаларын біріктіріп, Русь пен Еуропа елдерін жаулап алған Жолшының ұлы Батыл хан Алтын Орда империясын құрса, екінші бір немересі – Құбағұл Кавказ бен бүкіл Кіші Азияны уысына алып, Құбағұл империясын (империя Хулагу) ұйымдастырды. Тағы бір немересі Құбылай княздіктерге бөлініп кеткен Ұлы Қытайды біріктіріп, 35 жыл патшалық құрды. Ал Шағатай билеген Орталық Азия ондай ұлы дәрежеге жете қойған жоқ.

Тек найманнан шыққан Әмір Темір ғана Орталық Азия елін бір уысқа жинай білді, сонан соң барып бүкіл Шығысты Үндістанымен қосып, Египет империясына дейін жаулап алды. Арабтар болмаса, кір мен қоқыстың арасында өскен үнді халқы қарсылық та көрсете алмады.

Тавриз қаласы Тұран жеріндегі ең ірі қала болатын. Құбағұлдың тұсында Тавриз қаласына саудагерлер, елшілер, құлшылық етушілер Константинопольден (Стамбұл), Сириядан, Қайырдан, Дамшықтан (Дамаск), Үндістан мен Бағдаттан өте көп келетін болды. Бұл сауда-саттықтың өсуіне, қаланың дамуына үлкен әсер тигізді.

Құбағұл империясының экономикалық және мәдени дамуы XIII ғасырда оның немересі Қазанның тұсында шарықтау шегіне жетті. Түркі қыпшақтың ұлы хандарының ішінде осы Қазан хан бірінші болып мұсылман дініне кірді.

Қыпшақ-қазақтың түркі қият тайпасынан шыққан Шыңғыс ханның құрған империялық тағына ұлдары ғана ие болып келсе, немерелері Батыл хан (Бату) Алтын Орданы, Құбылай Шүршіт елін (Қытайды), Құбағұл Кавказ бен Кіші Азияны біріктіріп, дүние жүзілік деңгейдегі алып империялар құра білді.
Орыстың боданында үш ғасырдан аса болып, өз тарихымыздан айырылып қалған ел болғандықтан, Алты Алаш халқының жүріп өткен жолын, ата-бабаларымыздың ұйымдастырған ұлы қағанаттарын дұрыс талдап, нақты білуіміз қажет. Қазір біз Алтын Орда империясын біздің мемлекетіміз, Шыңғыс ханды біздің ата-бабамыз, Әмір Темірді найман дей алмай келеміз. Бұлар әлемдік империя құрған еліміздің ұлы тұлғалары емес пе?! Біз тек әлемдік дәрежеге жетпеген өз ішіміздегі хандармен ғана шектелдік.

Моңғол сөзі қыпшақтың «мың қол» сөзінен алынса, «қазақ» сөзімен түзде жүретін ел-тайпалар аталған.

Қазақ тайпаларының (қоңырат, найман, керей, жалайыр, үйсін, қаңлы, тағы басқалар) атаулары «қазақ» және «моңғол» («мың қол») сөздерінен бұрын пайда болған.

Бейсенғазы Ұлықбек

Осы айдарда

Back to top button