Жаңалықтар

Шынының ар жағындағы өндіріс

Өндіріс технологиясы үдерісінің бәрі көз алдыңызда. Сатып алуға барған қаймақ пен ірімшіктің қалай шығарылып жатқанын өз көзіңізбен көресіз. Шынының ар жағында тұрып, дүкен сөресіндегі ағарғанның бәрінің қалай өндіріліп жатқанын бақылап тұра аласыз. Сіз мұнда шатасып кіріп кеткен жоқсыз. Дүкені де, өндіріс цехы да бір шатырдың астында орналасқан сүт өнімдері дүкеніне келдіңіз.
Өскемендік кәсіпкер жаңа жобадағы шағын сүт цехын ашуға дейін ауыл тұрғындарынан, шаруашылықтардан сүт жинаумен, қабылдаумен айналысқан екен.
Осы уақытқа дейін өңдеушілерді шикізатпен қамтып келген өскемендік шағын кәсіпорын биыл көктемнен бастап өздері де сүт өнімдерін өндіруге білек сыбана кіріскен екен. «Молочный экспресс» ЖШС -нің өндірісі өзгелерден ерекше. Осы кәсіпорынның сүт өнімдерін сатып алуға келген қалалықтар дәмі үйдікінен бір кем емес хош иісті қаймақ пен ірімшіктің, иогурттың, айранның, сары майдың анау тұрған шынының ар жағында қалай өндіріліп жатқан өз көздерімен көреді! Дүкенге кірген адам ортаны бөліп тұрған шынының ар жағындағы өндіріс үдерісінің барлық сатысын көріп, бақылап тұра алады.

Өндіріс жанынан ашылған дүкенде сүт өнімдері ешқандай үстемесіз зауыт бағасымен сатылып жатыр. Әзірге өскемендіктер «Молочный экспресстің» өнімдерін тек осы өндіріс басындағы дүкеннен ғана сатып ала алады. Өйткені басқа сауда нүктелерінде кәсіпорын өнімдері сатылмайды. Кейде қаладағы рұқсат етілген сауда орындарында шағын цехтың өнімдері фермерлік автолавкамен саудағы шығарылып тұрады. Оның өзінде айран, сүт, қаймақ, сары май, «Сулугуни» ірімшігі қас қағым сәтте сатылып кететін көрінеді.Өзге өндірушілермен салыстырғанда «Молочный экспресстің» шағын цехында өндіріліп жатқан сүт өнімдеріне консерванттар, бояғыштар, басқа да қоспалар қосылмайды. Тек сапасы жоғары табиғи қалпындағы сүттен жасалады. Өнімдердің дәмі ауылдың қаймағының, сары майының дәмімен бірдей екендігі сондықтан.

-Оқу бітіріп келген соң Өскемендегі қалалық сүт зауытында, сосын «Эмиль» кәсіпорынында жұмыс істедім, қазір еңбек жолымды осында жалғастырып жатырмын. Біздің өндірісте сүт өнімдеріне сыртқы механикалық әсер етулер өте аз. Сол себепті сүт өнімдері үйде өндірілген сияқты, әлдеқайда дәмдірек.. Осындай бірегей өндіріс орны бола отырып, болашақта бүкіл қалаға белгілі өндірушіге айналатынымызға сенімдіміз,- дейді Елена Папова.

Қалалықтардың үлкен сұранысына орай «Молочный экспресс» ЖШС алдағы уақытта өз өндірістерін ұлғайтуды көздеп отыр. Өндірісті кеңейтіп, тағы бір өндіріс – дүкен ашпақшы.
Дүкен сатушысы Гауһар Мұсақызы Альшемали сауда үйінің артында орналасқан өндіріс –дүкенге келушілер арасында ұтыс ойыны да ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Кәсіпті дамыту, сатып алушылардың қатарын молайту мақсатында Instagram желісінде ашылған өндіріс орнының ресми парақшасында кәсіпорын тұтынушыларымен виртуалды қарым -қатынас орнатылған.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button