Өзекті

Шығыста өрттен қаза тапқандар саны көбейіп кетті

Облыста жеке үйлерден өрт көп шығып жатыр. Жыл басынан бері 28 адам тілсіз жаудың кесірінен ажал құшқан.

– 28 адамның бесеуі от тұтанғанда ұйықтап жатқан, екеуі (балалар) қараусыз қалған, 13-і түрлі себептермен қайтыс болған. Ал қалғаны мас болған екен. Мас адамдар төсегінде жатып темекі тартқан, – деген төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр қайтыс болғандардың көпшілігі әлеуметтік белсенді емес топтар екенін айтады. Мысалы, 11-і зейнеткер, 9-ы жұмыссыз адам болған

Ресми ақпарат бойынша, өрт былтырғымен салыстырғанда 31 пайыз көбейген. Қазірдің өзінде 660 жағдай тіркелген.

Облыстағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және Зайсан ауданындағы табиғи газ тартылған адамдардың үйіне жалпы саны 8 066 дабылдағыш орнатылған. Алдағы уақытта мұның санын арттыру көзделіп отыр.

– Алда жылыту маусымы басталады. Пешті толық тексеріп, жөндеу қажет болса, маманға жүгінген абзал. Электр құрылғыларын да абайлап қолданыңыздар Себебі өрттің көбі қауіпсіздік сақтамағаннан шығып отыр, – дейді Анастасия Скляр.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button