Өзекті

Баланы қандай лагерьге жіберген дұрыс?

ШҚО-да балалардың жазғы демалысына арналған 19 лагерь қызмет көрсетеді. 

Білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының маманы Бейбітгүл Оспанованың айтуынша, облыста қала сыртындағы 19 лагерь бар. Оның 12-сі мемлекеттік болса, жетеуі – жекеменшік. Сонымен қатар балалардың жазғы демалысын тиімді  ұйымдастырып, денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 195 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

                         «Дарын»  жазғы сауықтыру лагері

Облыстық білім басқармасының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қала сыртындағы мемлекеттік лагері.

Мекенжайы: Глубокое ауданы, Фрунзе ауылдық округі, Таулы Үлбі ауылы.

Демалыс кезеңдері: 12.06 – 22.06, 26.06 – 06.07, 10.07 –  20.07, 24.07 – 03.08, 07.08 – 14.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Дарынды балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, жазғы демалысты және білім мен тәрбие беру процесін ұйымдастыру.

Жолдама бағасы: 85 000 теңге.

Байланыс телефоны:  8 705 173 02 66.

                            «Жiгер» жазғы сауықтыру лагері

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы» бірлестігі жанындағы жазғы демалыс лагері.

Мекенжайы: Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, Бұқтырма су қоймасының жағалауы.

Демылыс кезеңдері:10.06 – 17.06, 19.06 – 26.06, 29.06 – 06.07, 10.07 – 17.07, 20.07 – 27.07, 31.07 – 07.08, 09.08 – 16.08, 18.08 – 25.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Балалардың күнделікті дене белсенділігі кесте бойынша ұйымдастырылған: күннің алғашқы жартысы – спорттық шаралар, екінші жартысы – суға шомылу, спорттық және туристік секциялардың жұмысы.

Көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша балалар шығармашылығын дамыту. Патриоттық бағыт бойынша жасөспірімдердің азаматтық ұстанымы мен Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Жолдама бағасы: 46000 теңге.

Байланыс телефоны:  8 (7232) 75-15-71, 8-777-299-51-98.

                      «Толағай» жазғы сауықтыру лагері

Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Толағай» жазғы сауықтыру лагері, қала сыртында, мемлекеттік, маусымдық лагерь.

Мекенжайы: Глубокое ауданы, Кіші Үбі ауылдық округі, Кіші Үбі ауылы.

Демалыс кезеңдері:14.06 – 20.06, 22.06 – 28.06, 30.06 – 06.07, 08.07 – 14.07, 24.07 – 30.07, 01.08 – 07.08.

Бағыты: тіл үйрету, сауықтыру. Балалардың шығармашылық, эстетикалық дамуына, рухани және зияткерлік әлемін байытуға жағдай жасау.

Жолдама бағасы: 22 800 теңге.

Байланыс телефоны: 8-777-257-91-50.

                        «Болашақ» жазғы сауықтыру лагері

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» жанындағы «Болашақ» лагері – қала сыртындағы, мемлекеттік, стационарлық лагерь.

Мекенжайы: Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы.

Демалыс кезеңдері: 24.06 – 03.07, 05.07 –  14.07, 16.07 –  25.07, 27.07 – 05.08

07.08 – 16.08, 18.08 – 27.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, жазғы демалысты және білім мен тәрбие беру процесін ұйымдастыру.

Жолдама бағасы – 38 000 теңге.

Байланыс телефоны: 8-777-995-75-61.

                  «Жемчужина» жазғы сауықтыру лагері

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің Первомай орта мектебі жанындағы жазғы лагерь.

Мекенжайы: Алтай ауданы, Прибрежный кенті, 3-ші квартал, 14-ғимарат.

Демалыс кезеңдері: 26.06 – 30.06, 03.07 – 07.07.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Оқушылардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау, жазғы демалысты және білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Жолдама бағасы: 50 000 теңге.

Байланыс телефоны: 8(72335)26-512.

                    «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері

Облыстық білім басқармасының «Балдәурен» лагері – қала сыртындағы, мемлекеттік, стационарлық лагерь.

Мекенжайы: Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі,  Сарыөлең ауылы.

Демалыс кезеңдері: 15.06 – 21.06, 23.06 – 29.06, 01.07 –  07.07, 10.07 – 16.07, 19.07 – 25.07, 27.08 – 02.08, 04.08 – 10.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын, физикалық және зияткерлік дамуын ұйымдастыру. Лагерь балаларға қосымша білім мен дағдыларды алуға, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жолдама бағасы: 20 000 теңге.

Байланыс телефоны: 8(72-339)24-5-35, 8-705-842-41-76.

«Сеңгір» жазғы сауықтыру лагері

«Тарбағатай ауданы білім бөлімінің» жазғы қала сыртындағы лагері.

Мекенжайы: Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылдық округі, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі.

Демалыс кезеңдері: 12.06 – 21.06, 26.06 – 05.07, 08.07 – 17.07, 19.07 – 28.07, 31.07 – 09.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, шығармашылық.

Жолдама бағасы: 20 000 теңге.

Байланыс телефоны: 8-777-709-73-74.

                      «Балауса-2» жазғы сауықтыру лагері

«Балауса-2» спорттық-сауықтыру лагері – қала сыртындағы, мемлекеттік, стационарлық лагерь.

Мекенжайы: Көкпекті ауданы, Сарыбел ауылдық округі, Новостройка ауылы.

Демалыс кезеңдері: 15.06 – 24.06, 26.06 – 05.07, 07.07 –  16.07, 18.07 – 27.07, 29.07 – 07.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру. Лагерь балаларды сауықтыруға және өзара түсіністік, ізгі ниет пен өзара көмек атмосферасын құруға ықпал ететін біртұтас тату ұжымға бірігуге бағытталған. Лагерь балалардың зияткерлік, физикалық және шығармашылық әлеуетін қалыптастырып, дамытады.

Жолдама бағасы: – 25 000 теңге.

Байланыс телефоны: 8-777-993-13-29.

           «Арайлы Шығыс» жыл бойғы сауықтыру лагері

«Арайлы Шығыс» балалар-сауықтыру лагері мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ашылған жыл бойғы сауықтыру лагері.

Мекенжайы: Катонқарағай ауданы, Приморск ауылы.

Демалыс кезеңдері: 01.06 – 10.06, 14.06 – 23.06, 26.06 – 05.07, 07.07 – 16.07,

17.07 – 26.07, 27.07 – 02.08, 03.08 – 12.08, 13.08 – 22.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру.

Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, жазғы демалысты және білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Жолдама бағасы: 90 000 теңге.

Байланыс телефоны:  8-707-404-40-48

                        «Балақай» жазғы сауықтыру лагері

«Балақай» жазғы сауықтыру лагері – жекеменшіктегі демалыс базасы.

Мекенжайы: Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, Бұқтырма су қоймасының жағалауы, «АСА» ЖШС, Көгілдір бұғаз.

Демалыс кезеңдері:12.06 – 21.06, 24.06 – 03.07, 05.07 – 14.07, 16.07 – 25.07, 26.07 – 04.08.

Бағыты: сауықтыру бағдарламасы денешынықтыру мен туризмге негізделген (ауысымда 1-2 саяхат). Балалар көп уақытын таза ауада –  таулы орман алқабында, өзен жағасында, футбол, волейбол және баскетбол алаңдарында өткізеді.

Шырша мен қарағайдың, шипалы шөптердің иісіне қаныққан таудың таза ауасы адам ағзасының жалпы нығаюына ықпал етеді.

Жолдама бағасы: 120 000 теңге.

Байланыс телефоны:  8 (7232) 265-111, 8-701-555-13-60.

                    «Алау» жазғы сауықтыру лагері

«Алау» демалыс базасы, «Казцинк»  ЖШС.

Мекенжайы: Глубокое ауданы, Таулы Үлбі ауылы.

Демалыс кезеңдері:17.06 – 28.06, 30.06 – 11.07, 13.07 – 24.07, 26.07 – 06.08

08.08 –19.08.

Бағыты: Сауықтыру бағдарламасы белсенді денешынықтыру мен туризмге негізделген. Таудың таза ауасы мен табиғаты балалардың лагерьдегі демалысын ұмытылмас етеді.

Балалар көп уақытын таза ауада –  таулы орман алқабында, өзен жағасында, футбол, волейбол және баскетбол алаңдарында өткізеді.

Жолдама бағасы: 100 000 теңге.

Байланыс телефоны:  8-777-017-17-30, 8-771-355-53-30, 8-777-152-71-12, 8-05-622-30-83.

                               «Сұңқар» демалыс базасы

«Сұңқар» – жекеменшіктегі демалыс базасы.

Мекенжайы: Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Лотошное телімі.

Демалыс кезеңдері:12.06 – 21.06, 22.06 – 03.07, 06.07 – 17.07, 20.07 – 31.07, 03.08 – 14.08.

Бағыты: спорттық-сауықтыру.

Лагерьде футбол, волейбол, үстел теннисі бойынша матчтар өткізіледі. Күн сайын балаларға арналған ойын-сауық және шоу-бағдарламалар, байқаулар, таза ауадағы топтық ойындар, кино көру, би бағдарламалары, зияткерлік ойындар, викториналар, концерттер, белсенді ойындар, би кештері өткізіледі.

Жолдама бағасы: 80 000 теңге.

Байланыс телефоны:  8-777-796-41-44, 8-775-660-04-45, 8/72341/521-598.

                            «Көктау» демалыс базасы

«Казцинк» ЖШС-нің «Көктау» жекеменшіктегі демалыс базасы.

Мекенжайы: Риддер қаласы, Сосновый бор.

Бағыты: сауықтыру және ойын-сауық.

Бағдарлама салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Лагерьдегі барлық жұмыс әр ауысымға арналған күн тәртібі мен жоспар бойынша жасалады. Бағдарлама балалардың күні бойы пайдалы іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз етеді.

Жолдама бағасы: 90  000 теңге.

Байланыс телефоны:  8-771-355-53-30, 8-777-152-71-12, 8-777-017-17-30, 8- (7232) 76-81-43.

                              «Эдельвейс» демалыс базасы

Мекенжайы: Риддер қаласы, Сосновый бор.

Бағыты: сауықтыру және ойын-сауық.

Бағдарлама салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Лагерьдегі барлық жұмыс әр ауысымға арналған күн тәртібі мен жоспар бойынша жасалады. Бағдарлама балалардың күні бойы пайдалы іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз етеді.

Жолдама бағасы: 90  000 теңге.

Байланыс телефоны:  8 777 852 63 37, 8-72336-306-66, 3-06-00, 26-57-11.

 

Әзірлеген – Айжанат Бақытқызы                           

Осы айдарда

Back to top button