ЖаңалықтарӨзектіТОП

ЖЭО-да күрделі жөндеудің бірінші кезеңі басталды – Риддер

Риддергі ЖЭО-да күрделі жөндеудің бірінші кезеңі басталды.
Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Айта кетсек, «Риддер ЖЭО» АҚ өткен ғасырдың 50-шы жылдарында салынған. Биылғы қыста бірқатар апаттарға жиі ұшырады. Бұл 60 мыңға жуық халқы бар қаланы жылумен қамтамасыз ететін энергетикалық нысан. Алайда қондырғылардың тозғанына, меншік иесінің ауысуына және кәсіпорынның миллиардтаған қарызына қарамастан, облыс билігі тағы да энергетика тапшылығының алдын алу үшін өз бақылауларына алып, оны қалпына келтіруге кірісті.

Маңызды жұмыстың бірінші кезеңі басталды. Барлық 6 қазандық күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте бізде жылу беру маусымы қарсаңында қысқа мерзім мен халық алдында үлкен жауапкершілік тұр. Барлық күрделі техникалық жабдықтарды, мысалы, 6 Үлкен шарлы диірменді “Қазцинк” зауыты жасайды. Ал қалған басқа жабдықтар негізінен ШҚО зауыттарында жөнделеді. Тағы бір маңызды міндет – ғимараттың контурын жабу және жылудың шығуына жол бермеу. Үшінші міндет – шаңды жою. Жұмысшылар мына шаң-тозаңмен тыныстамас үшін, ондаған жылдар бойы жұмыс істемеген желдеткішті қалпына келтіру қажет.Төртінші міндет-энергетикалық бөлік. Мұнда бар 3 турбина 50 МВт-тан астам өндіре алады, бірақ бұл қазір мүмкін емес. Біз оларды өз тұтынуымызды жабу үшін 25-30 МВт-қа шығарғымыз келеді, ал энергияның аз мөлшерін Қазцинкқа немесе қалаға беру жоспарлануда,- дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ ЖЭО-дағы 3 өрт және 2 жарылыстың салдарынан көмір жеткізу жолы зардап шеккен болатын. Жұмысшыларға 267 тонна жанармайды қолмен жеткізуге тура келді. Тракт қысқа мерзімде қалпына келтірілді, бірақ қазір 1 трактіні жөндеуді аяқтау және резервтік желіні іске қосу, сондай-ақ өрттен кейін құрылымдарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар ЖЭО-на порталдық кран сатып алу керек. Атқарушы билік жаңасын сатып алмақ, болмаса көмірді түсіру мәселесін шешу үшін 2 экскаватор тауып бермекші. Станцияның мазут қондырғылары да жұмыс жағдайына келтірілді. Алайда ЖЭО жүрегі – Багет станциясы күрделі жөндеуді қажет етеді.
Күл үйіндісінде де ауықымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Даниал Ахметов атап өткендей, онда бір тонна күлді төгу мүмкін емес. Ол толып тұр. Мамандар бұл мәселенің техникалық шешімін ойластырып үлгерген – күл үйіндісінің екінші бөлігін қайта жаңарту жоспарлануда.
Тағы бір мәселе – Громотуха өзенінде шұға пайда болған кезеңде жылу көзін және жалпы қаланы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды. «Водоканал Риддер» мекемесінің басшылығы қала тұрғындары мен стансасын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін жобаларды әзірлеуде.
Риддерде соңғы 5 жылда алғаш рет жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізілді. 3,3 шақырым құбыр ауыстырылады. Айта кету керек, мердігерлер жұмысты қаржыландыру басталмай жатып іске кірісіп кетті.

– Осылайша, қазірдің өзінде станцияның барлық 6 қазандығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер ретінде «Перспективные технологии-Қазақстан» компаниясы. Қазіргі уақытта 128 адам жұмылдырылған, – деді «Риддер ЖЭО» АҚ бас директоры Игорь Михайленко.

Бес жыл бұрын осында жұмыс істеген және нысанды ішінен білетін ЖЭО-ның жаңа басшысының айтуынша, бұрынғы иелерінің немқұрайлығынан жылу орталығын қайта құруға тура келеді екен.

«Жылу электр орталығының меншік нысанына келетін болсақ, оның мемлекеттік бақылауға өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өкінішке орай, бұл нысанды өз миллиардтарына жөндейтін инвестор келеді деген үміт жоқ. Ондай меценаттар табылмас. Сондықтан біз жұмыс істейміз. Бұл ЖЭО бөлімшесі «Өскемен жылу желілері» АҚ құрамында болады, келісім-шарт жасалды. Құқықтық мәселелер шешілуде», – дейді Даниал Ахметов.

Осы айдарда

Back to top button