БілімӨзекті

ШҚО-дағы 49 мектепте спортзал жоқ

Облыста 49 мектептің спорт залы, 36 мектептің асханасы жоқ екен.

ШҚО-да мектептердің дайындығына аралық мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсұтова мәлім етті.

Балалардың қауіпсіздігі маңызды мәселе болғандықтан облыстағы 153 толық жинақты мектептерде турникеттер орнатылыпты. Шағын жинақталған және арнайы мектептерде оқушылар контингентінің саны бойынша турникет орнату нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілмейді.

Департамент басшысының айтуынша, 12 мектепте дабыл түймесі жоқ екен. Сондай-ақ кейбір жалпы білім беретін мекемелерде спорт залы (49 мектепте), асханалары (36 мектепте) және пәндік кабинеттері (физика – 179, химия – 167, биология – 181) жоқ.

Мониторинг интернет мәселелерін де анықтады. 23 мектептегі интернеттің жылдамдығы әлсіз (4 мб/с – тан аз), 186 мектепте – орташа (4-10 мб/с), 141 мектепте орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) екені байқалған.

– Проблемалық мектептер бақылауға алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында қорытынды мониторинг жүргізіледі, – деп атап өтті Зейнеп Махсұтова.

Осы айдарда

Back to top button