Басты

Шығыс Қазақстан облысы аумағында (COVID-19) коронавирустық инфекциясының  таратылуына жол бермеу жөніндегі шектеу іс-шараларын енгізу туралы ҚАУЛЫ

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы М. А. Исмаилов,құжаттарды қарап:

Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 тудырған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтерін, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығын,

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен 2020 жылдың 21 наурызындаөткен кеңестің №1/СК-409//20-01-7.8хаттамасын;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 хаттамасын;

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 20 наурыздағы №4 хаттамасын;

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 хаттамасын;

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 26 қаулысын;

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №27 қаулысын;

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясынан туындаған коронавирустық инфекцияның жариялануына және COVID-19 тудырған коронавирустық инфекцияның Шығыс Қазақстан облысымен көршілес облыстарда тіркелуіне байланысты, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, COVID-19 тудырған коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында,

– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 148-бабы 12-тармағының 6) тармақшасына, 13-тармағының 4) тармақшасына және 150-бабының 1, 2, 3, 4-тармақтарын;

-«Азаматтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңын;

– «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын;

-«Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығының 17-тармағын;

-«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығының 1 тармағының 1)тармақшасын;

– «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын;

-«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық – профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығының 7 параграфын басшылыққа ала отырып,

Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияның таралуының әлеуетті қаупінің туындауына орай, Шығыс Қазақстан облысы аумағында шектеу іс-шараларын (карантин) енгізу қажеттілігін,анықтадым:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21- бабы 13-тармағының 4) тармақшасы негізіндеҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей қалаларының аумағында 2020 жылғы 2 сәуірдегі сағат 00:00-ден бастап, Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанға дейін шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Облыс, сондай-ақ Өскемен және Семей қалалары аумақтарының периметрі бойынша шектеу аймағының шекаралары белгіленсін.
  3. Облыс аумағының, сондай-ақ Өскемен және Семей қалаларының периметрі бойынша шектеу іс-шараларын жүргізу мақсатында апаттық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, кіру/шығу үшін блокпосттардың жұмысын қамтамасыз етсін.
  4. Санитариялық-карантиндік шараларды өткізу үшін кіру-шығу орындарындағы мобильді пункттердің жұмысын қамтамасыз етсін.
  5. «Сергек-блокпост» мобильді қосымшасының көмегімен Өскемен қаласының аумағына шығатын және келетіндерді автомобиль көлігімен электронды тіркеуді, Семей қаласында әдеттегі тіркеуді қамтамасыз етсін.
  6. Сыртқы орта объектілеріне (көліктерге, оның ішінде такси, ғимараттар, құрылыстар, көшелер, аялдамалар және басқалар) дезинфекция мен санитарлық өңдеуді жүргізе отырып, Өскемен, Семей қалаларының аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылсын.
  7. Облысқа (қалаға) бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, қорғаныш және гигиена құралдарын, жанар-жағармай материалдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» белгіленсін.
  8. Облыс, сондай-ақ Өскемен, Семей қалаларының аумағына адамдардың кіруі мен шығуына шектеу енгізілсін. Мыналарды қоспағанда:

1) 2020 жылдың  2 сәуіріндегі, сағат 00: 00-ге дейін тұрғылықты жері бойынша бұрын кеткен және қайтып келген осы аумақтың тұрғындары;

2) облыс аумағына бұрын келген басқа аймақтардың тұрғындары, олар 2020 жылдың 2 сәуіріндегі сағат 00:00-ге дейін шыққан кезде;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша қала аумағына келетін/кететін шетелдіктер.

  1. Халықты азық-түлікпен жабдықтау жүйесін ыңғайлы жергілікті ұйымдастыру және өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі үшін оңтайлы шектеу аймағының ішінде азаматтардың қозғалысына шектеу (барынша азайту) енгізу үшін Өскемен, Семей қалалары аумағының секторлары мен олардың шекаралары анықталсын.
  2. Санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, облыстың жедел әрекет ету штабының шешімі бойынша жұмыс уақытының қысқартылуы мүмкіндігімен ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын.
  3. Азық-түлік сауда желілерінің, супермаркеттердің, минимаркеттердің, тұрғын үйлер жанындағы дүкендердің, сауда орталықтары жанындағы азық-түлік бөлімдерінің, сауда үйлерінің, азық-түлік тауарларын сататын базарлардың меншік иелерін:

1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып, объектілердің штаттық режимде үздіксіз жұмыс істеуін;

2) қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен және т. б.) қамтамасыз етуді, санитайзерлерді орнатудықарастыру;

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, бірінші кезекте қажетті тауарларға, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена құралдарына бағаның өсуіне жол бермеуге;

4) тамақ өнімдерін буып-түйілген түрде (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер) босатуға міндеттеу қамтамасыз етілсін.

  1. Келесі қызметтер тоқтатылсын:

1) жұмыстары штаттық режимде жалғастырылуы тиіс осы объектілердің ғимаратында орналасқан азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда, ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түлік емес базарлар, оның ішінде авто жуу орындары, техникалық қызмет көрсету станциялары;

2) қоғамдық тамақтану объектілері онлайн тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда(мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер дәмханалары, барлар);

3) түнгі клубтар, барлар, кальян шегу орындары;

4) білім беру орталықтары, үйірмелер, арт клубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары, барлық меншік нысанындағы балабақшалар және т. б.;

5) ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-ойын клубтары, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтары және т. б.);

6) барлық меншік нысанындағы спорттық объектілер (фитнес – йога, бассейндер, тирлер, атыс алаңы және т. б.);

7) қызмет көрсету саласындағы объектілер (шаштараздар, сұлулық салондары, СПА, массаж орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар және т. б.);

8) кинотеатрлар мен театрлар;

9) онлайн тапсырыс беру және жеткізу мүмкіндігімен автосалондар, автоқосалқы бөлшектер сату салондары және т. б.;

  1. 13. Мыналарға уақытша тыйым салынсын:

1) бұқаралық, салтанатты, естелік және еске алу іс-шаралары;

2) көрмелер, форумдар, конференциялар және т. б.

  1. 14. Карантин кезінде қызметтері тоқтатылмаған шағын және орта бизнес объектілерінің меншік иелеріне санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейтуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
  2. 15. Санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, штат режимінде қонақ үй кешендерінің, қонақ үйлердің, хостелдердің, дәріханалардың, медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысы жалғастырылсын.
  3. 16. Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған жағдайда адамдарды жерлеудіңқауіпсіз режимі қамтамасыз етілсін.
  4. Жеке және заңды тұлғаларға, қоғамдық ұйымдарға, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастанкәсіпкерлік субъектілері шектеу жағдайларында санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
  5. Аудандық, қалалық,көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларыменШығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп:

Қазақстан Республикасының немесе Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындаған тәртіппен Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шектеу және қорғау іс-шараларын сақтай отырып, санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтсін.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, арнайы қызметтер, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп:

1) жергілікті атқарушы органдар белгілеген посттарда CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция бойынша тәуекел тобындағы және жедел тестілеудің вирустық инфекция белгілері бар адамдар үшін термометрия, сауалнама жүргізу;

2) блокпосттарда Қазақстан Республикасының немесе Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік режимін сақтау;

3) карантин аймағының пункттерінде блок-постар арқылы қиылысуды стратегиялық және өмір сүру (жылу, энергия, сумен қамту, тамақтану және т. б.) объектілерінің, арнаулы, құқық қорғау органдарының, медициналық ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында өздерінің қызметтік міндеттері мен функцияларын орындауы үшін жергілікті атқарушы органдар (штабтар) айқындаған тәртіппен жүзеге асыру;

4) дезинфекциялық өңдеусіз көлік құралдарын шектеу аймағы арқылы өтуге тыйым салу.

  1. Аудандық, қалалық,көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына:

1) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияның әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру кезінде байланыста болғандардың жақын және әлеуетті шеңберін белгілеу, 24 сағат ішінде аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің эпидемияға қарсы іс-шаралардың түрлерімен және көлемдерімен шешім (қаулы) қабылдау;

2) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жоғары қаупі бар барлық адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібін сақтау;

3) полиция, денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, байланыста болған адамдарды оқшаулау жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды сақтауға пәрменді бақылау жасау. Оқшаулау орны бойынша шектеу шараларын одан әрі бақылауды қамтамасыз ету үшін бір күн ішінде өзін-өзі оқшаулауға жататын адамдар тізімінің құрастырылуына қарай полиция органдарына жіберу;

4) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

5) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин жағдайында санитариялық-эпидемияға қарсы, дезинфекциялық іс-шараларды сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;

6) адамдар жаппай жиналатын және жалпы пайдаланудағы орындарды, қоғамдық орындарды, мекемелерді, қоғамдық көлік пен объектілерді дезинфекциялық өңдеуді ұйымдастыру мен жүргізуді бақылау;

7) халықты, жергілікті атқарушы органдар жанындағы штабтарды CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және аумақтағы қолданылатын шаралар туралы жүйелі хабардар етуді жалғастыру;

8) тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанған және байланыста болған адамдар тұратын, баратын  орындарда карантин енгізу туралы қаулы шығару;

9) карантиндегі стационарлар мен объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды, сондай-ақ бекітілген аумақта, қауіпті объектілерде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейту;

10) ауыз су мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне мониторингті жалғастыру.

  1. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына:

1) блок-посттарды жедел тестілеу жүргізу тактикасына ие медициналық қызметкерлермен жасақтау, температураны қашықтықтан өлшеу құралдарымен, сауалнамалармен және жеке қорғаныш құралдарымен жабдықтау бойынша шаралар қабылдау;

2) карантин режимінде инфекциялық госпитальдардың жұмысын қамтамасыз ету;

3) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекциямен сырқаттанған науқастарды емдеуді инфекциялық стационарда жүзеге асыру;

4) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция ауруы белгілері бар науқастарды провизорлық стационарда емдеуге жатқызу және тексеру;

5) жедел медициналық көмек және АМСК қызметкерлерінің CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция белгілері бар адамдарды ерте анықтауға сақтық шараларын арттыру;

6) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарды зертханалық тексеруді қамтамасыз ету;

7) бір тұрғын үйде тұратын бір отбасы мүшелерін және 1а санаттағы елдерден келген әлеуетті байланыста болған адамдарды қоспағанда, жақын байланыста болған адамдарды оқшаулауды карантиндік стационарда (изоляторда) жүргізу;

8) 1б санатындағы елдерден 1 тәулікке келген әлеуетті байланыста болғандарды оқшаулау карантиндік стационарда СОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияға зертханалық тексеру жүргізумен және кейіннен 13 тәулік ішінде үйде оқшаулаумен (үй карантині)жүргізу;

9) үй карантиніндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ресімдеу рәсімін (еңбекке жарамсыздық парағы), байланыста болғандарды қашықтықтан медициналық бақылауды, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецепт беруді, АМСК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультациясын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды қарастыру;

10) ЖРВИ белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер, онкологиялық аурулары бар науқастар, трансплантациялаудан кейінгі пациенттер, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар пациенттер) динамикалық бақылау шеңберінде пациенттер үшін тегін маскалар беруді қамтамасыз ету;

11) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын көбейту;

12) шектеу жағдайларында жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық қарап-тексерулер, скринингтер, оңалту) тоқтату/шектеу бойынша шешім қабылдау;

13) CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ету;

14) денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету және CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына, оның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметкерлері арасындатаралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

15) іс-әрекеті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтардағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдардың жоғары дәрежелі қорғаныш маскаларын немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды пайдалануын қамтамасыз ету;

16) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру және кәдеге жаратуды қамтамасыз ету;

17) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауы бойынша COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекциямен ауырған науқастардың мәйіттерін тексеруді, тасымалдауды және оларға қызмет көрсету жұмыстарын  қамтамасыз ету.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

1) төтенше жағдай (төтенше ахуал) режимін бұзушыларға әкімшілік, қылмыстық шаралар қолдану;

2) CОVІD-19 тудырған коронавирустық инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды іздеуге қатысу;

3) коронавирустық инфекция ошақтарын, инфекциялық, провизорлық стационарлар мен карантиндік пункттерді күзету;

4) үйде өзін-өзі оқшаулаудағы адамдардың үйден шығуына, қонақтарды қабылдауыншектеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды сақтауына мониторинг және бақылау жүргізу.

  1. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына және оның қалалар мен аудандардағы бөлімшелеріне:

1) сапалы ошақтық (камералық) дезинфекция жүргізу;

2) COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекциямен науқастарды және байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді қамтамасыз ету;

3) жұмсалатын зертханалық материалдардың, СОVID-19 бар науқастардан үлгілерді алу үшін жұмсалатын материалдардың, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың таусылмайтынқорын қамтамасыз ету;

4) COVID-19 тудырған коронавирустық инфекцияға күдікті науқастардың ошақтарында COVID-19 бар науқастардан материалды алу және тасымалдау кезінде дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу тәртібін сақтау.

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан дезинфекциялық қызмет көрсететін ұйымдарға:

1) ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес профилактикалық дезинфекцияның сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;

2) қоғамдық орындарға, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдеріне, тротуарларға, саябақтарға, скверлерге, алаңдарға, аула алаңдарына, ірі супермаркеттерге, темір жол және автобекеттергеіргелес аумақтарға, базарлар мен автомобиль жолдарына ауқымды ағымдағы дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету;

3) қосымша карантин жағдайында өңдеу жүргізу үшін персоналмен, дезинфекция құралдарымен жабдықтау мүмкіндігін қарастыру.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарына:

1) үй жағдайында COVІD-19 тудырған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және науқастанған жағдайдағы мінез-құлық тактикасына, сондай-ақ карантинді сақтау ережелеріне баса назар аудара отырып, санитарлық-ағарту жұмысын күшейту;

2) халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz, anti-corona.kz және Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

  1. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  2. Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне апта сайын әр бейсенбідеdzpp_vko@dsm.gov.kzэлектрондық мекенжайына ұсынылсын.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің міндетін атқарушы                               М. Исмаилов

 

№2, 2020 жылғы 30 наурыз,  Өскемен қаласы

 

Осы айдарда

Back to top button