
Вакцина салдыруға тиісшығысқазақстандықтардың 90 пайызға жуығы COVID-19-ға қарсы екпе алды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгінгі күні коронавирус пандемиясыжұртшылықты алаңдатып отырғанын атап өтті.
– Облыс «сары» аймақта орналасқан. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда жалпы республикалық көрсеткіштен 0,7 есе төмен. 11 қарашада тәулігіне КВИ–дің 88 жағдайы тіркелді, бұл тамыз айының ең жоғары көрсеткішінен 3,5 есе төмен, – деп атап өтті ШҚО әкімі.
Өңірде вакцина егу жұмыстары жалғасуда. Қазір облыс аумағында 343 егу кабинеті жұмыс істейді, ауылдарда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер қызмет көрсетеді. Осы күнге дейінвакцина алуға тиіс халықтың шамамен 90 пайызы толық егілді, 97,5 пайызы бірінші компонентті алды. Нәтижесінде вакцина егу бойынша Шығыс Қазақстан республикада алғашқы орындарға шықты.
Облыстың медицина мекемелеріндегі 39 ковидбөлімшесі қажетті орындармен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының 90 күнге жететін қоры бар. 18 компьютерлік томограф, 67 рентген аппараты, 370 ӨЖЖ аппараты жұмыс істейді. ПТР-тестілеуді 20 зертхана жүргізеді.