Сұраңыз

Шоттың жай-күйін қалай біле аламын?

Тұрғылықты жерімнің өзгеруіне байланысты мен өзімнің зейнетақы шотымнан көшірмені пошта арқылы алуды доғардым. Қазіргі уақытта зейнетақы шотымдағы жинақтың жай-күйінен хабарсызбын. Аталған шоттан ақпарат алудың басқа тәсілдері бар ма? 

Еркінбек Сайрабек Тарбағатай ауданы.

Сіздің сұрағыңызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  жауап берді:

– Үзінді көшірмені пошта конверттері арқылы алу үшін сіз өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауыңыз керек. Дегенмен, сіз өзіңіздің зейнетақы шотыңыздың жай-күйін электронды тәсілмен, яғни Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынылған электронды пошта арқылы және жеке кабинет арқылы, сондай-ақ зейнетақы қорының кеңсесіне келіп, я болмаса пошта байланысы қызметтері арқылы ала аласыз.

Ақпарат алу тәсілін айқындау немесе өзгерту үшін салымшы Қордың кеңсесіне тікелей келіп немесе қордың сайты арқылы тиісті келісімшарт жасасуы қажет.

Осы айдарда

Back to top button