Экология

Шлак үйінділерінің зияны қандай?

Шлак үйінділерінің зияны қандай?

Глубокое ауданында химиялық қауіпсіздік жөніндегі ақпараттарға қол жеткізу мәселесіне байланысты қоғамдық тыңдау өтті. Аталмыш шара химиялық қауіпсіздікті жетілдіру бойынша еліміздегі азаматтық қоғамның құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту жобасы аясында ұйымдастырылды.

Аудан басшыларының қатысуымен өткен тыңдауда «Ертіс мыс балқыту» зауытынан шыққан шлак үйінділері туралы сөз болды. Жиында металл қорытпасынан кейін қалған қалдықтарда токсиндік химиялық заттардың көптігінен Ертіс өзені ластанып, кент тұрғындары үшін қауіпті екені сөз етілді. Судың құрамына арнайы сынама жүргізіліп, зерттеу барысында шлак террикондарында ауыр металдардың бар екені де анықталды. Бірақ олар су бетіне аз мөлшерде ғана әсер етеді екен. Қоғамдық тыңдау барысында шлак қалдықтарын зерттегеннен кейін жол жөндеу жұмыстарына пайдалану тиімді болатыны айтылды. Ал «НПФ Шығыс Экспром» ЖШС директоры А.Ахтанов шлак қалдықтарын тиімді мақсатта қолданудың жолдарын атап көрсетті.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button