Жаңалықтар

ШҚО-ның ЖЭО дайындығы 32%-ды құрайды

Шығыс Қазақстан облысының ЖЭО дайындығы 32%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

ҚР Энергетика министрі ШҚО-ға жұмыс сапары барысында облыс тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Министрдің айтуынша, облыстың ішкі тұтыну көлемі – 3,9 млрд.кВтсағ, ал электр энергиясын өндіру көлемі 3,4 млрд.кВтсағ құраған.  Өңірдің электр желілерінің жалпы ұзындығы 21 мың шақырымнан асады. Белгіленген тарифтер халық үшін – 13,948 тг/кВтсағ, заңды тұлғалар үшін – 23,554 тг/кВтсағ, бюджеттік ұйымдар үшін – 42,158 тг/кВтсағ.

Алмасадам Сәтқалиев өңірдің ЖЭО-ның дайындығы 32%-ды құрайтынын атап өтті. ГЭС-те жөндеу жұмыстары 64%-ға орындалды. 165 км электр желілерін күрделі жөндеу аяқталды.

Сондай-ақ жылу желілерін техникалық тексеру Өскемен, Риддер және Шемонаиха қалалары бойынша аяқталып қойған екен.

Осы айдарда

Back to top button