ШҚО-да орман қоры толықтырылып жатыр
2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан» Жолдауында ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 5 жыл ішінде орман қорына 2 млрд. ағаш және елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызуды тапсырды.
Тапсырма аясында ШҚО-ның ормандарында кешенді жоспар іске асырылуда, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Шығыс Қазақстан облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысын «Риддер орман шаруашылығы» КММ мысалында қарастырып көрейік.
Президенттің жоғарыда көрсетілген Жолдауды іске асыру шеңберінде қойылған міндеттерді орындау үшін ШҚО ТРжТПРБ «Риддер орман шаруашылығы» КММ 2021 жылдан 2023 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында (27.06.2023 жылғы жағдай бойынша) 200,0 га – 792,6 мың дана алаңға орман дақылдарын отырғызды, 152,0 га алаңға – 134,3 мың дана ағаш орман дақылдарымен толықтырылды.
Отырғызылған көшеттер орман мекемесінде бар тұрақты және уақытша питомниктерде өсірілген, сондай-ақ облыстың питомниктерінен де сатып алынған
Бекітілген жоспарды орындау үшін қылқан жапырақты бүршіктер келесі мөлшерде жиналады:
- 2021 жыл – 4,5 т;
- 2022 жыл – 8,2 т;
- 2023 жыл – 5,0 т.
Питомниктерге қылқан жапырақты тұқымдар жыл сайын себіледі. 2021-2023 жылдар аралығында 5,6 гектар алқапқа егу жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын ағаш мектептері төселеді, өсірілген көшеттер облыстың қалалары мен аудандарында ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін беріледі.