Жаңалықтар

ШҚО-да ауыз судың сапасы қандай?

Шығыс Қазақстанда ауыз су сапасы тексерілді.

ШҚО санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі ауыз су сапасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбырларынан алынған мыңнан астам сынама зерттелген.

Депаратменттің ақпараты бойынша, тексеруден өткен 1144 сынаманың ішінде 56-сы (4,8%) гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді екен.

Ал санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 1115 сынама зерттеліпті. Мұндағы  сәйкессіздіктер 31 сынамада (2,7%) анықталған.

 

Осы айдарда

Back to top button