Ауа райы

ШҚО-да ауа температурасы 38 °C градусқа дейін көтеріледі

Аймаққа 38 °C градусқа дейінгі аптап ыстық келеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы өңірде 12 шілдеден басталады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазгидромет” РМК болжамына сәйкес, өңірде жауын-шашын 12 шілдеде  тоқтайды. Сол күннен бастап температураның біртіндеп көтерілуі басталады. Болжам бойынша термометр бағандары сәрсенбіде +27+32°C, 13 шілдеде +30+35°C, ал 14 шілде күні +33+38°C градусты көрсетеді.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button