Ауа райы
5 тамызға арналған ауа райы болжамы
ШҚО-да дауыл соғады.
5 тамызда облыс аумағында найзағай болып, бұршақ жауады, дауыл соғады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Ертең түстен кейін облыстың солтүстік, шығыс, оңтүстік бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.