Ауа райы

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Төтенше жағдай қызметі дауылды ескерту туралы хабарлама жариялады.

ШҚО-да 29 шілдеде жаңбыр мен бұршақ жауады және дауыл соғады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Синоптиктер ертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болып, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деген болжам жасап отыр.  Сондай-ақ облыста дауыл соғуы ықтимал. Желдің екпінің найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

ТЖ қызметі облыс аумағында және Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Осы айдарда

Back to top button