ШҚО-да 3,5 млн қарызы бар елорда тұрғыны ұсталды

ШҚО-да 3,5 млн теңгеден астам қарызы бар елорда тұрғыны ұсталды.
Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен ұстады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
1 маусымда ШҚО полиция департаментіне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан Porsche Cayenne көлік құралын ұстау туралы қаулы келіп түскен, көлік иесі кәсіпорынға 3,5 млн теңгеден астам мөлшерде қарыз болған. 5 маусымда Өскемен қаласында “Қыран-12” экипажының қызметкерлері “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жоғарыда аталған көлік құралын ұстады. 40 жастағы жүргізушіге тоқтату себебі түсіндірілді. Ер адам банктердің бірінің мобильді қосымшасы арқылы қарыздың толық сомасын төледі, – делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Тәртіп сақшылары азаматтарды осындай жағдайларды болдырмау үшін бар қарыздарын уақытында төлеуді ескертеді.