Ауа райы

ШҚО-да 28 шілдеде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Ал желдің күші 15-20 м/с шамасында болмақ.
Облыс аумағында және Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Егер сіз көшеде болсаңыз, найзағай түсу қаупі бар аймақта жүгіруге және қыдыруға болмайды. Электр желілеріне немесе биік ағаштарға жақындамаңыз, металл қоршаудың, болат құбырлар мен рельстердің жанында, сондай-ақ басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз. Ауылшаруашылық техникасына және мотоцикл, велосипед сияқты шағын көліктерге жақындамаңыз. Ашық жерде, дала алқабында болсаңыз найзағайдан құрғақ шұңқырда, жартаста жасырыну керек, -деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тұрғындарға көліктерін де қорғауға кеңес берілді. Желдің салдарынан шіріген ағаштар құлауы мүмкін. Сондықтан көліктеріңізді мейілінше қауіпсіз тұраққа қойған жөн.

Естеріңізде болса облыс тұрғындарына осыған дейін орманға баруға тыйым салынған болатын. Бұл әлі де күшінде. Егер өрт тұтанған жағдайда 101, 112-ге қоңырау шалыңыз.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button