Жаңалықтар

ШҚО-да 141 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды

ШҚО-да Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша 387 тексеріс жүргізіліп, 1548 құқықбұзушылық анықталған.

 Бұл туралы ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ғалия Құрманбекқызы баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1139 өтініш қаралған. Оның 90%-дан астамы еңбекақы төлеуге, қалғандары еңбек шартын бұзуға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға тиесілі.

Жүргізілген тексерістердің нәтижесінде 1548 құқықбұзушылық анықталып, 141 жұмыс беруші 30,2 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапқа тартылған.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button