Экономика

Шетелден инвестиция тартуда екінші орындамыз

  Шетелден инвестиция тартуда екінші орындамыз

Инвестициялар және даму министрлігі шетелден капитал тарту бойынша облыстардың рейтингісін шығарды. Ведомство жария еткен тізімде Шығыс Қазақстан облысы – екінші орында.
Көш басында Атырау облысы. Ресми дерек көзіне жүгінсек, ақпан айында аталған өңірге 113 млрд теңгенің шетелдік капиталы салыныпты. Ал біздің аймақтың бұл кезеңдегі көрсеткіші – 22,2 млрд. теңгені құрайды. Үздік үштікті 22 млрд. теңге инвестициямен Батыс Қазақстан түйіндеп тұр.
Айта кетейік, елімізге шетелден тартылған инвестициялардың орташа көлемі – 15 млрд. 200 млн. теңге.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button