Ауыл шаруашылығы

Шет елден әкелінген сиырлар мәселені шеше ала ма?

Облыс шаруашылықтары етті, сүтті мал тұқымдарының санын әлденеше есе арттыру үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған мол мүмкіндікті қалтқысыз пайдаланбақ. Мәселен, биыл барлығы 8700-ден аса мүйізді ірі қара сатып алынады деп жоспарлануда.

Шет елден әкелінген сиырлар мәселені шеше ала ма?Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мал тұқымын асылдандыру инспекциясының деректері бойынша оның ең көбін – 2275 бас сиырды Бородулиха ауданы шаруашылықтары алмақ. Мүйізді ірі қаралардың 886-ы бұқалар.

Ұлан ауданы шаруашылықтары да асыл тұқымды малдың 2000-ға жуығын әкелеміз деп отыр. Сол сияқты Көкпекті ауданы мен Семей қаласына қарасты шаруашылықтар да әрқайсысы мың жарымнан аса сиыр сатып алуды жоспарлауда.

Керісінше, Үржар мен Аягөз аудандарының шаруа қожалықтары осы бір игілікті іске бел шешіп кірісе қоймаған сияқты. Себебі, олар тиісінше төрт және сегіз малға тапсырыс беріпті. Үржар ауданының «Алғабас» шаруа қожалығы өткен жылы алыстағы Франциядан 221 бас «Шаролле» тұқымды мал әкелген болса, биыл асылдандыру жұмыстарынан сырттап қалыпты. Зайсан мен Тарбағатай аудандары да әрқайсысы 500-дің үстінде мүйізді ірі қараға тапсырыс берген екен.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button