Шет аудандар сумен қамтылады
Биыл Өскеменнің шет аудандарына сумен қамтамасыз ету желісін тарту үшін мемлекет қазынасынан қажетті қаражат бөлінген. Бүгінде Центральная және Пограничная көшелерінде жөндеу жұмыстары басталған. Бұл жоба қаладағы Үлбі ауданын сапалы таза ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Якутск, Гагарин бульвары, Микоян, Добролюбов көшелеріндегі кәріз құбырларын қайта жөндеу және аумақты абаттандыру шаралары қолға алынған. Дегенмен, шеткері аудандардың тұрғындарын мазалайтын мәселелер әлі де бар көрінеді.
– 23-ықшам ауданның адамдары маған тікелей келіп өздерінің арыз-өтініштерін жеткізуде. Жергілікті жұрт жауынды күндері жолдың лай-батпаққа айналуын наразы. Осындай шағым Новоявленка тұрғындарынан да келіп түсуде. Шығыс ауылындағы ауызсудың тапшылығы да түйткілді мәселе, – деп атап көрсеткен қала әкімі Серік Тәукебаев көрсетілген проблемаларды тез арада шешуді тиісті орындарға жүктеді.