Ауыл шаруашылығы

Шартты жер үлестері иелерінің ауыл шаруашылығы ұйымынан қалай шығады?

Шартты жер үлестері иелерінің ауылшаруашылық кәсіпорындарынан шығуы маңызды мәселе болып табылады, өйткені бұл жер учаскелерін пайдалануға және аймақтағы ауыл шаруашылығының дамуына әсер етуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты жер үлестерін иеленушілердің жер учаскесін оны ұзарту құқығымен белгілі бір мерзімге пайдалануға құқығы бар. Алайда, егер шартты жер үлесінің иесі ауылшаруашылық кәсіпорнынан шығуды жоспарласа, белгілі бір процедуралар мен шарттарды орындау қажет.

Қатысушылардың ауыл шаруашылығы ұйымының құрамынан шығуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. Ауыл шаруашылығы ұйымының қатысушылары алдағы жиналыс туралы оны өткізу күніне дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша нысанда қолхатпен хабардар етіледі.
  2. Тиісті хабарланған жағдайда жиналыс агроқұрылымға қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің кемінде 50%-ы қатысқан кезде заңды болып саналады. Шешім жиналысқа қатысып отырған үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың жай көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға барлық қатысып отырған қатысушылар немесе олардың өкілдері қол қояды.
  3. Жалпы жиналыстың хаттамасында шығатын қатысушылар, берілетін жер учаскелерінің ауданы көрсетіледі және схемасы жасалады.

Мұндай бөлу ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізілетін жағдайды қоспағанда, жер учаскесін заттай бөлу ауыл шаруашылығы дала жұмыстарын жүргізу кезеңінде жүргізілмейді.

  1. Шаруа немесе фермер қожалығы не ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылған жағдайда азаматтың өтініші оған жалпы жиналыстың тиісті хаттамасын, бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасын қоса бере отырып, оған жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін жер учаскесіне құқық беру кезінде жергілікті атқарушы органның осындай құқық беру туралы шешімінде осы шаруа немесе фермер қожалығының не ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық мүшелері көрсетіледі.
  3. Шаруа қожалығының басшысы не агроқұрылымның өкілі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен (ЖҚБ) жер учаскесіне жалдау шартын жасасады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жерге акт дайындайды, ол тіркелуге жатады және жергілікті жерде шекаралар белгілеу жүзеге асырылады.
  4. Жер учаскесін оның шекаралары заттай (жергілікті жерде) белгіленгенге және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иемдену ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.
  5. Егер ЖШС жарғысында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерін қайта ресімдеу шығыстары, әдетте, шығатын қатысушыларға жүктеледі.
  6. Кепілде тұрған ауыл шаруашылығы ұйымы жерлерінің құрамынан жер учаскесін бөлуге кепіл ұстаушының келісімімен немесе бөлу сәтінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелермен жол беріледі.

Жалпы жиналыстың хаттамасына тек сот тәртібімен шағымдануға болады.

Шартты жер үлестерінің кейбір иелері Қазақстаннан әлдеқашан кетіп, шет елдерде тұратынына назар аудару керек. Алайда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабына сәйкес шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иелене алмайды.

Басқа елдің азаматтығын алған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтар үш ай мерзімде иеліктен шығарылуға жатады, яғни басқа елдің азаматтығын алған азамат жер учаскесінен бас тартуға не азаматтық-құқықтық мәміле жасауға (сатуға, сыйға тартуға) міндетті.

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

 

Осы айдарда

Back to top button