Денсаулық сақтау

Үш медициналық-құтқару бекеті ашылады

Апаттық медицина орталығы облыстық филиалының басшысы Мәулен Тәкіжановтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың соңына дейін облыстағы автокөлік жолдарында үш медициналық-құтқару бекеті қызмет көрсете бастайды.

Үш медициналық-құтқару бекеті ашыладыОның айтуына қарағанда, бірінші бекет Омбы-Майқапшағай көлік жолының Семеновка елді мекенінің тұсында ашылмақ. Екіншісі Өскемен-Алматы бағытындағы күре жолдың Жарма елді мекеніне қарасты бөлігінде бой көтерсе, үшіншісі Өскемен-Семей тасжолының Привольное ауылына жақын маңда жұмыс істейтін болады.

Дәрігерлік-құтқару бекеттерінде құрамында бес адамнан: апат кезінде алғашқы көмек көрсететін дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші және құтқарушыдан тұратын жедел әрекет ету бригадасы қызмет көрсетеді. Бригада вахталық әдіспен 15 тәулік сайын алмасып отырады. Арнайы медициналық құралдармен жабдықталған реанимобиль оқиға орнына 20-30 минутта жетіп үлгереді. Көлік апатына ұшыраған кез келген адам «112» нөміріне телефон шалып, көмек сұрауына болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button