Өндіріс

«Серіктес» конкурсы басталды

Бизнесіңді «Казцинкпен» бірге дамыт! Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған «Серіктес» конкурсы басталды.

Шағын және орта бизнес өкілдері еліміздегі ең ірі кен-металлургиялық компаниялардың бірі – «Казцинк» үшін әлеуетті қызықты жобаларды ұсына алады. Саласы бойынша өнеркәсіп өкілдеріне жарамды, неғұрлым перспективалы ұсыныстар қолдауға ие болады.

«Серіктес» конкурсы 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталды. Оған қызмет саласы «Казцинк» жұмысының негізгі бағыттарына қатысты отандық бизнес өкілдері қатыса алады. Тауарлары, жұмыстары мен қызметтері кен-металлургиялық кәсіпорынның профиліне сәйкес келетін компаниялар серіктес бола алады. Бұл тек өндіріс қана емес, сонымен қатар ілеспе тауарлар мен қызметтер, цифрлық жобаларды қолдау, made in Kazakhstan тауарларымен қамтамасыз ету, т.б. болуы мүмкін. Өндіріс жоспары мен импорт алмастыру бойынша есептеулерді ұсынуға дайын бастаушы кәсіпкерлер де ынтымақтас болу үшін бақ сынай алады.

«Серіктес» конкурсының қорытындысы бойынша дайын бизнес иелері «Казцинктен» тапсырыс ала алады, ал қызмет бағытын енді таңдайтындар компанияның қандай қажеттіліктері бар екендігі туралы өзекті ақпарат ала алады. Неғұрлым маңызды жобаларға ерекше тәртіпте инвестиция құйылуы мүмкін. «Казцинк» коммерциялық жобалармен қатар қоғам үшін маңызды әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетуге дайын.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы Жолдауында Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің айтарлықтай қаржыландырылмағанын атап өтті, бұған дейін ол бірнеше рет ірі өнеркәсіптік компаниялар тарапынан ШОБ-қа қолдау көрсетілуін басым міндет деп атаған, – деді«Казцинктің» бас директоры Александр Хмелев. – Біздің компания құрылған алғашқы күнінен бастап, сапасы мен бағасы жағынан импорттық тауарлардан кем түспесе, қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға басымдық берді. Біз серіктестермен ынтымақтастықты жоспарлы түрде кеңейтіп келеміз. Жыл сайын біз Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің екі мыңнан астам ұйымын тапсырыспен қамтудамыз. Жаңа «Серіктес» конкурсы – осындай ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге тағы бір серпін. Іс-шараны символдық түрде Конституция күні қарсаңында бастауды ұйғардық – айрықша дата біз үшін аса маңызды іс-шараның бастауы ретінде есте қалады.

Конкурсқа қалай қатысуға болады?

  1. Егер Сіз қазақстандық тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өндіруші болсаңыз, «Серіктес» конкурсы» тақырыбымен қысқаша ұсыныстарыңызды partner@kazzinc.com арнаулы пошта жәшігіне жолдай аласыз. Сізге жауап ретінде сауалнама және әрі қарай қатысуға арналған егжей-тегжейлі қағидалар жіберіледі.
  2. Егер Сіз біздің өндірісіміз үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер өндіруші болуды енді жоспарласаңыз және Сізге бұл үшін қаржыландыру қажет болса, онда Сіз өз ұсыныстарыңызды partner@kazzinc.com электронды мекенжайына жолдап, міндетті түрде жоба таныстырылымы (20 слайдқа дейін) мен шамамен алғандағы экономикалық тиімділік есептерін қоса бере аласыз. Ұсыныстар тек импорт алмастырушы тармақтар бойынша қарастырылатынын ескеріңіз.
  3. Сіздің жобаңыз компанияның өндірісімен тікелей байланысты емес, дегенмен қоғамға пайдалы, мысалы, қоршаған ортаға әсерді азайту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын, демалысты, дамуды қалыптастыру және сақтау үшін жағдай жасау және қолдау болса, ұсыныстарыңызды partner@kazzinc.com электронды мекенжайына «Әлеуметтік кәсіпкерлік» белгісімен жолдай аласыз.

Өтінімдер (сұралған құжаттар тізбесімен қатысуға өтінімнің толтырылған нысаны) берілген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Келісімшарттар жасалған жағдайда ең қызықты жобалар БАҚ-та жарияланады.

Сондай-ақ маңызды мәселелер бойынша WhatsApp-қа +7 777 535 00 64 нөміріне жаза аласыз.

 «Казцинк» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс басқармасы

телефоны: 8 (7232)29-11-16, e-mail:YYFominykh@kazzinc.com

 

Осы айдарда

Back to top button