Денсаулық сақтау

Семейде Орталық Азияның дәрігерлері бас қосты

Семейге арнайы келген Орталық Азия мемлекеттерінің фтизиатрлары қаладағы емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты.

Семейде Орталық Азияның дәрігерлері бас қостыАтап айтқанда, көршілес елдердің туберкулезге қарсы бағдарламаларының өкілдері жергілікті дәрігер-мамандардың жұмысын көріп қайтты. Қазіргі кезде семейлік фтизиатрлардың жетістіктері елімізде ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып отыр. Қаладағы аймақтық туберкулезге қарсы емдеу диспансері 617 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының Семей қаласы бойынша орынбасары Ғалия Жуаспаеваның айтуынша, өңірде көкірек ауруымен ауыратындар үшін екі шипажай және мектепке дейінгі «қауіп» тобындағы балалар үшін 245 орындық балабақша жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қазірде қалада Сауд Арабиясы Патшалығының қаржысына балаларды туберкулезге қарсы емдейтін заманауи аурухана салынып жатыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button