Семейде кардиохирургиялық орталық болады
Семейдің енді өз кардиохирургиялық орталығы болады. Орталық Семей мемлекеттік медициналық университетіне қарасты ғимараттардың бірінде орналастырылып, ол жерде ота жасау блогы мен интенсивті терапия бөлмесі жұмыс істемек.
– Семей өңірінің аумағы өте үлкен. Ал жақын жердегі мұндай орталықтар Өскемен мен Павлодар қалаларында бар. Тұрғындардың ол жаққа қатынауы қиындау. Сондықтан кардиохирургиялық орталықты осында ашу өзекті, – дейді Ұлттық кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя.
Қазір бағасы қымбат медициналық құрылғылардың негізгі бөлігі жеткізіліп, құрастыру жұмыстары жүруде. Біткен соң жүрек-қан тамырлары сырқаттарын емдеуге кіріспек.
Айта кетейік, бүгінгі күні Семей аймағында шамамен 450 адам кәсіби кардиолог-дәрігерлердің көмегіне зәру.