Денсаулық сақтау

Сапасыз қызметке ақы төленбейді

Жағымды жаңалық. Бір перзентке зар болып жүрген жұптарға нәресте сүю бақыты медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қолжетімді бола түспек. Келесі жылдан бастап сақтандырылған кез келген отбасыға бұл қызмет түрі (ЭКО процедурасы) ешқандай квотасыз көрсетіледі. Медициналық сақтандыру бұдан басқа тағықандай жоғары технологиялы операциялар мен зерттеулерге жол ашады? Көрсетілген қызметтердің сапасын кім тексереді? Медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Ғалымжан Әбілов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифинг барысында осы және басқа да өзекті сұрақтарымызға жауап берді.

Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылдың басынан өңірдегі емханалар мен ауруханаларға дәрігерлік қызметтеріүшін 62,2 млрд. теңге төлеген, бұл – бекітілген келісім шарттардағы соманың 83%-ы. Төлемдер кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында аударылды. Биыл облыс тұрғындарына мемлекеттік тапсырысты 127 денсаулық сақтау ұйымы көрсетеді, олардың 62-сі жекеменшік.

– Қор –ең алдымен, пациенттердің мүддесі мен құқын қорғаушы, – деп түсіндірді Ғалымжан Нұржаубайұлы. –  Сол себепті Қордың аймақтық филиалы шығысқазақстандықтарға көрсетілген дәрігерлік қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жасапотырады. Қарапайым сөзбен айтқанда, диагностика мен емдеу хаттамаларының сақталуын, бұл манипуляциялардың нәтижелерін тексереді. Егер кемшіліктер анықталса, медициналық ұйымға сапасыз емдеген қызметтеріне қаражат аударылмайды. Мысалы, ағымдағы жылдың тоғыз айында өңірдегі қызметтерін сапасыз атқарған денсаулық сақт  уорындарына 290 миллион теңгеден астам қаржы төленген жоқ.

Мониторинг барысында амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуде 30млн. теңгеден астам соманың, консультативті-диагностикалық қызметтерді көрсетуде 22,4 млн. теңгенің, ауыл тұрғындарына көрсетілген медициналық қызметтер үшін 46,7 млн. теңгенің кемшіліктері анықталған. Ең көп олқылықтар стационар мен стационарды алмастырушы қызметтерді көрсеткен кезде жіберілген, оларға 165,8 млн.теңгенің қызметақысы төленген жоқ. Жиі кездесетін кемшіліктердің бірі – науқастарды негізсіз ауруханаға жатқызу. Соныменқатармамандандырылғанкөмеккөрсететін (онкологиялық, туберкулезгеқарсы, психиатриялық, наркологиялыққызметтер мен ЖИТС-пен күресорталығы) ұйымдар 31 млн. теңгеденқағылған. Бұл жерде науқастардың амбулаторлық карталарын дұрыс толтырмау, дәрілерін уақтылы бермеу сияқты олқылықтар тіркеліп отыр.

Қор филиалы директорының мәліметтері бойынша, негізгікемшіліктер –  емдеу-диагностикалық стандартынан ауытқушылық, ем шараларын сапасыз жүргізу, көрсетілген қызметтердің дәлелденбеуі. Егер дәрігер хаттамада көрсетілген шараларға қосымша тексерулер жүргізсе, ол кемшілік болып саналмайды. Керісінше, кейбір дәрігерлер стандарттарда жазылған минимальды шараларды жасамайды, дәрі-дәрмекті тағайындамайды. Егер емдеу ұйымының ішкі аудиті бір маманның қызметінен қайта-қайта кемшілік анықтаса, алдымен онымен әңгіме жүргізіледі, оған біліктілігін жетілдіруге жағдай жасалады.

– Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша ауруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ екеніне қарамастан, біздің тұрғындар стационарға жатуға әуес. Міндетті түрде көктамырдан дәрі тамызса дейді. Ал әлемдік медицина баяғыда таблеткамен емдеуге көшіп кеткен. Қан қысымы жоғарылап кеткен екінің бірі де бірден жедел жәрдем шақырады. Ал ол науқасқа бар болғаны өз дәрігері тағайындаған дәріні уақытында қабылдап жүрсе болғаны, аяқ астынан қан қысымы көтерілмес еді. Адамдардың санасы өзгеруі керек, – дейді Ғалымжан Әбілов.

Мониторингті қордың эксперттері қашықтықтан да, емдеу ұйымына тікелей барып та жасайды. Жоспарлы тексеруден басқа, пациенттердің арыз-шағымдары бойынша жоспардан тыс мониторинг те жасалады. Тұрғындарға өздерін толғандырған сұрақтарын 1406 байланыс орталығына хабарлауына болады. Сұрақтар Нұр-Сұлтан қаласындағы  байланыс орталығына келіп түседі. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сауалдарға даярланған мамандар бірден жауап береді. Ал емдеу ұйымдарының қызмет сапасына шағым түссе, олар бірден бас дәрігермен хабарласып, түйткілді мәселелердің дереу шешілуіне көмектеседі. Барлық мәселелер орталықтан шешілетіндіктен, бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың қатерлеріне жол берілмейді.

Ғалымжан Нұржаубайұлы қордың облыстағы барлық жеткізушілері жуықта өздеріне QR-кодын алғанын, енді тұтынушылар емдеу ұйымының қызметіне өз бағаларын осы кодпен бере алатындарын жеткізді. Ол үшін ұялы телефонға  MVoter қосымшасын жүктеп, QR-кодын сканерлеп алса жеткілікті.

Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге санаулы уақыт қалғанда, әр тұрғынның бірінші міндеті – өзінің статусын білуі керек. Сіздің сақтандырылған не болмаса сақтандырылмаған тұлға екеніңізді Қор жасап шығарған инструменттің көмегімен анықтауға болады. Телеграм-бот @SaqtandyryBotжәне сақтандыру плагині. Плагин облыстың 34 денсаулық сақтау ұйымының сайтында көрсетілген. Плагинді қолдану қиын емсес, ресурсқа кіріп, өзіңіздің ЖСН енгізсе болғаны, сіз туралы ақпарат шыға келеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде барлық құжат электронды түрде жүргізіледі. Терапевтке келсеңіз, дәрігер алдымен мәліметтерді ақпаратты жүйеге енгізеді. Интернеті нашар елді мекендерде үлкен адамдар үшін әлі де болса қағаз құжаттар қатар жүре береді. Ақпаратты жүйенің қызметіне күн сайын мониторинг жасалып тұрады. Өңірдегі емдеу орындарының барлығында ақпаратты жүйе толық енгізіліпті. Директордың сөзіне қарағанда, тек төрт медициналық ұйымда ғана жүйеге қатысты соңғы жұмыстар атқарылып жатыр.

Жоғары технологиялы қызметтер тегін

 Ғалымжан Әбілов 2020 жылдан бастап сақтандырылған тұлғалар үшін медициналық көмек алуда мол мүмкіндіктер берілетінін тағы да еске салды. Бүгінде сақтандыру жүйесінде зертханалық зерттеулерге бөлінетін қаржының көлемі 4,5 есе көбейген. Енді емдеу орындары жоғары технологиялы манипуляцияларды жүргізу арқылы ақша таба алады, сол себепті қазіргідей аптасына төрт қана КТ немесе МРТ жасауға болады дегендей шектеу қойылмайды. Тек дәрігер тағайындаған барлық зерттеулер хаттамаларға сәйкес, негізді болуы керек.

Сақтандырылған тұлғалар құны бірнеше миллион теңге тұратыноталарды, басқа да қызмет түрлерін тегін ала алады. Мысалы, науқас аяқ астынан ортан жіліктің ұршық басын сындырып, жедел ауруханаға түсті делік. Егер ол сақтандырылған тұлға болса, оғанқұны 1,5миллион теңге тұратын эндопротездеу отасы медициналық сақтандыру есебінен тегін жасалады.Ал сақтандыру жүйесіне қатыспаған адам үшін де клиникада орнатылған терминалға бір мезетте үш айдың жарнасы мен үстемеақыны бірден төлеп, осы жоғары технологиялы операцияға тегін қол жеткізуіне мүмкіндік беріледі. Үстемеақы көлемі көп емес, ал үш айдың жарнасымен қоса есептегенде 3,5 мың теңге төлеп, қымбат отаны ақысыз жасатып алу кімге болса да тиімді емес пе?!  Филиал директорының сөзіне сенсек, науқастың қай операцияға, қанша төлеуге тиіс екенін түсіндіріп беретін арнайы мамандар қазір әр клиникада даярланып жатыр. Мамандар онлайн режимінде 60 сұрақтан тұратын тестілеуден өтеді, сол себепті олардың біліктіліктеріне, денсаулығын уайымдап жатқан адамға дұрыс кеңес бере алатындарына еш күмәнданбауға болады екен.

Жоғары технологиялы ота жасатқан науқастарға міндеттті түрде оңалту шаралары жүргізіледі. Ол тіпті бір жыл, кейде екі жылға дейін дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Ал оңалту шаралары тек сақтандыру жүйесінде ғана көрсетіледі. Сол себепті кейбір адамдардың  сақтандыру жүйесіне тұрақты түрде жарна аудармай-ақ, қажет кезде осылай бірреттік төлем жасап, үнемі жоғары технологиялы қызметтерді алуға болады екен ғой деген ойлары жүзеге аспайтынын ескерткіміз келеді.

Елімізден тыс жерлерде  емделуге келсек, қазірдің өзінде шетелдің клиникаларында емделу үшін квота бар. Бұл көбінде өте сирек кездесетін, Еуропаның өзінде бірлі-жарым клиникада ғана емделетін дертке ұшырағандарға бөлінеді. Мысалы, сүйегі осал, сына беретін хрустальды ауруға шалдыққан балаға диагнозын қою үшін шетелде тексерілу тегін, ал емделуіне қажетті препараттар АМФ жатады (аденозинмонофосфат), ол тек атаулы түрде беріледі. Биыл жеті шығысқазақстандық әртүрлі дертпен шетелде емделіп келіпті. Ал сақтандыру жүйесінде ешқандай квота, шектеу болмайды. Егер науқас сақтандыру жүйесінің қатысушы болса, егер өзінің дертінен тек шетелдік клиниканың ем-домынан, операциясынан кейін ғана айыға алатынына  дәлелі болса, онда ол қалаған жерінде тегін емделіп келеді.

ЭКО процедурасы қолжетімді болады

Медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетілетін жоғары технологиялы қызметтердің ішіне  экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) уличные камеры процедурасының  енгені қуантады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 600-ден астам отбасы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде осы процедураны алу үшін кезекте тұр. Ал кезекке ілінбегендері қаншама?! Енді перзент сүю бақытына жете алмай жүрген ерлі-зайыптыларға процедураның өзі тегін жасалады.

–Экстракорпоральді ұрықтандыру, яғни жасанды жолмен ұрықтандыру процедурасына (ЭКО) қазір де квота бөлінеді, бірақ ниет білдірушілердің көптігінен, ұзақ күтуге тура келеді. Сақтандыру жүйесінде бұл қызметтің көлемі артады. Бұл жерде ерлі-зайыптылар барлық тексеруден өтіп, денсаулықтарындағы кінәраттарды емдеп, ЭКО жасатуға толық дайын келуі керек. Сақтандыру жүйесі тек ЭКО процедурасының ақысын ғана төлейді, – деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов. Егер бір процедураның құны 350 мың теңгеден астатынын ескерсек, бұл да болса жылдар бойы емделіп жүрген жұптарға әжептәуір көмек.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button