Денсаулық сақтау

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келдіОблысымызға «Саламатты Қазақстан» медициналық емдеу-диагностикалық пойызы келіп жетті.

Өз жұмысын бұл пойыз Шемонайха ауданынан бастады. 15 мамырға дейін ол Шемонайха, Зырян, Глубокое және Жарма аудандарында 14 стансаға тоқтап, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.

Пойыз вагондары диагностиканың барлық түрлерін жүргізуге, емдеуге, тіс жөндеуге, жеңіл оталар жасауға мүмкіндік беретін заманауи клиника-диагностикалық және рентгенологиялық құрылғылармен жабдықталған.

Тұрғындарға жоғары білікті медицина мамандары қызмет көрсетеді. Олардың қатарында терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, отоларинголог, окулист, хирург, стаматолог, функционалдық диагностика дәрігері және басқа да қызметкерлер бар.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button