РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Сәукеле ЮНЕСКО төрінде

Соңғы жылдары қазақтың салт-дәстүрі мен құнды мұралары бүкіл әлем жұртының мәдени құндылықтарының қатарына қосылып келеді. Күні кеше сәукеле панносы ЮНЕСКО төріне жетті. Оны Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Ұйымның Бас директоры Одри Азулеге Абайдың алты тілге аударылған жинағымен қоса табыстады.

Өткен жылы Президент тапсырмасына орай Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағын «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми тіліне аударған. Ақынның 175 жылдық тойына орай жарық көрген жинақты елші ЮНЕСКО басшысына табыстады.

Ақын шығармашылығына жоғары баға берген ЮНЕСКО басшысы сыйға тартылған сәукеле панносының Ұйым хатшылығының мұражайынан лайықты орын алатынын айтты.

Алтай Ғали-Асқар

 

 

Осы айдарда

Back to top button