Өңірімізде жұмыссыздар саны азайып келеді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ барлық деңгейдегі атқару органдарына мемлекеттік қаражаттың толық және сапалы жұмсалуын қадағалау бойынша тапсырма жүктегені белгілі. Әлеуметтік жаңғырту мен тұрғындарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Бұл ретте біздің облыста қандай істер атқарылып жатыр?
2010-2013 жылдары облыс тұрғындарын жұмыспен қамту үшін республикалық бюджеттен 27,5 млрд. теңге бөлінген. Осы кезеңде 31 мың адам жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылған, олардың 60 пайызы – жастар. 15663 адам кәсіптік оқытуға жіберіліп, 7939 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған. «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына жоғары оқу орындарының 2595 түлегі қатысып, 14965 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Шағын несиелеу бойынша біздің облысымызға қомақты қаржы бөлінді. Оның көлемі – 9,7 млрд. теңге. Ауылдық елді мекендердегі жобаларды жүзеге асыру үшін 4064 адам несие алған. Соның нәтижесінде 4956 жұмыс орны құрылды.
Облыс ауқымды қаражатты игеріп, маңызды міндеттерді орындады. 183 несие серіктестігін құрудың арқасында несие алушылардың пайыздық ставкалары төмендетілді. Бизнес-жобалар жүзеге асып жатқан негізгі салалар мыналар: мал шаруашылығы – 67 пайыз, тамақ өндірісі – 11 пайыз, өсімдік шаруашылығы – 4 пайыз, омарта және құс шаруашылығы – 2 пайыз. Облыс бюджетіне түсетін салықтың мөлшері 590 млн. теңгені құрады.
Несие алушылардың санын арттыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы шағын несиелеу бойынша екі уәкілетті ұйым анықталды.
Жұмыссыздарды қанатқақты режимде оқыту ата-аналар өтініштері бойынша жүзеге асырылады, бұл жұмысқа 100 пайыз орналасуды қамтамасыз етеді.
Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру үшін Өскемен, Семей, Риддер қалаларында тұрғын үйлер мен жатақханалардың құрылысы жүргізілуде. Зырян қаласында 60 пәтерлі үйдің, Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылында екі пәтерлі 10 үйдің және Өскемен қаласының Шығыс кентінде 114 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Биыл облысымыз үшінші бағыт бойынша пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмыс беруші тарапынан 10 пайыз қаржыландыру арқылы 2 пәтерлі он үй, 60 пәтерлі бір үй, 10 пәтерлі алты үй, 15 жеке тұрғын үй салынуда, соның арқасында кәсіпорындардағы білікті кадрларға деген тапшылық мәселесі шешіледі. Еңбек нарығындағы жастарға үй мәселесін шешу арқылы бастапқы мүмкіндіктер берілуде, облыста 3 жатақхана салынды, олар жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.
Соңғы екі жыл ішінде облыстағы 50 тірек елді мекенді дамытуға республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл ауылдарды абаттандыруға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге мүмкіндік берді. 39 білім, 7 денсаулық сақтау, 22 әлеуметтік сала, 37 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, жергілікті және аудандық маңызы бар 66 шақырым жол жөнделді. Аталған шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде 1510 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында облыстағы күнкөрісі төмен отбасылардың саны 52 пайызға төмендеді, соңғы 14 жылда аталған санаттағы азаматтар саны 95 пайызға қысқарып, нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 10 есеге азайған. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,7 пайыздан 2013 жылдың 3 тоқсаны қорытындысы бойынша 5,0 пайызға дейін төмендеген, жұмыссыздар саны 10 мың адамға кеміген және яғни, 226,9 мың адамды құрайды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Бұл бағдарлама әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етеді деп сенеміз.
Ольга КУЗОВЛЕВА,
облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы