Құрметті риддерліктер!
Дәрігерлер коронавирустан айыққан адамдарды иммундық плазма доноры болуға шақырады!
Қанында антиденелер бар бір адам кем дегенде екі ауыр науқасқа көмектесе алады. Аппараттық плазмаферез әдісімен тапсыру рәсімі мүлдем қауіпсіз және ауыртпалықсыз. Орташа немесе ауыр түрдегі КВИ-мен ауыратын кез-келген ересек адам донор бола алады. Ең бастысы емделіп шыққан сәтінен бастап кем дегенде екі апта өтуі керек. Плазманы тапсыру және біздің дәрігерлерге көмектесу үшін Сіздер тұрғылықты жерлеріңіз бойынша ІАҚ-да антиденелерге тест тапсыруларыңыз керек.
Рәсім үшін сыйақы 7 АЕК немесе 19 446 теңгені құрайды.
Қазір коронавирусты жұқтырған және ауруды ауыр түрде жұқтырған адамдарға көмектескісі келетіндер өздерінің ниеттері туралы ШҚ облыстық қан орталығына 8(7232)70 38 38 және 87057520964 телефондары арқылы хабарлай алады.