Денсаулық сақтау
Риддерлік қыз кене энцефалитіне шалдыққан
Риддер қаласының 15 жасар тұрғыны қауіпті инфекция жұқтырып, жұқпалы аурулар бөлімшесінде емделуде.
«Күн райының күрт жылынуына байланысты, биыл эпидемиологиялық кезең ерте басталды. Сондықтан да кенелердің шағуы көп кездесіп жатыр. Өткен жылы 338 жағдай тіркелсе, биылдың 29-мамырында 493 жағдай тіркелді» –деп хабарлайды Риддер қаласының бас санитарлық дәрігері Гульмира Мрзагарайева.
– Біздің қаламызда кене энцефалитімен бір жағдай тіркелді. 2005 жылы туған қыз бала 8-мамыр күні Батыс Алтай мемлекеттік қорығы маңында болған. Науқас ауру белгілері пайда болысымен, дәрігердің көмегіне жүгінген. Қазір жағдайы орташа.
Әсемгүл Бекбосынова