Денсаулық сақтау

Радиологиялық орталық толық қуатқа көшеді

Радиологиялық орталық толық қуатқа көшедіБіздің облыста тұрғындарға онкологиялық көмек көрсетудің 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Семей қаласында облыстық онкодиспансердің радиологиялық орталығының бірінші, екінші кезеңіндегі ғимараттары салынды. Биыл үшінші кезеңіндегі құрылыс жұмыстарын бітіру жүзеге асырылады. Семейдегі 300 төсектік орынға арналған көпсалалық қалалық аурухананың құрылысы аяқталуға таяп қалды. Ағымдағы жылы осы қалада жедел жәрдем стансасының құрылысын бастау жұмыстары қолға алынады.

Онкологиялық аурушаңдылықты алдын алу үшін облыста өңеш, асқазан және бауыр қатерлі ісіктерін анықтау бағытындағы зерттеу қызметі енгізілуде. Семейдегі радиологиялық орталық пайдалануға берілгеннен кейін онкологиялық сырқатты емдеудің қазіргі заманғы әдістері қолданылатын болады.

Қан айналымы жүйесінің ауруларын азайту бағытындағы жұмыстар жалғастырылады, Өскемен және Семей қалаларында инсульттік орталық және Семей қаласында асқынған қан тамыры синдромы бөлімі ашылады.

Әлімжан Қадылбекұлы

Осы айдарда

Back to top button