Денсаулық сақтау

Радиохирургиялық емдеудің заманауи әдістемесін енгізді

Айна Ескенқызы

 Шығысқазақстандық онкологтар биыл өз тәжірибелеріне ісікті радиохирургиялық емдеудің заманауи әдістемесін енгізеді. Бұл туралы жетекші онкомаммолог Инна Чертищева айтып берді.

Маман өз сөзінде 2017 жылы басталған өңірдің денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының тиімділігін атап өтті.

  • Осы жылдар ішінде 200-ден астам дәрігер білімін шетелдің озық клиникаларында жетілдірді, оқыды. Бұлар онколог, гинеколог, невропатолог, нейрохирург, кардиолог сияқты мамандар. Бағдарламаның бірегейлігі дәрігерлерді оқыту ауруханаларды  заманауи құрал-жарақтармен жабдықтаумен қатар жүрді. Бұл дәрігерлерге  алған білімін бірден тәжірибеде қолдануға  мүмкіндік берді. Қазір жоғары технологиялық медициналық көмек облыстың барлық ауруханасында қолжетімді деп сеніммен айтуға болады, – деп бөлісті Инна Чертищева.

Онкомаммолог мысал ретінде өзі жұмыс істейтін облыстық онкология және хирургияның көпсалалы орталығын келтірді.

  • Кейінгі бес жылда онкология орталығы заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен жабдықталды. Атап айтқанда, 128 тілікті компьютерлік томограф, жатырдың, қуық асты безінің, сүйек метастаздарының ФУЗ-абляциясы префиксі бар 3 тесла МРТ аппараты, гамма-пышақ функциясы бар сызықтық үдеткіш, барлық әлемдік стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін заманауи операциялық блок бар. PACS цифрландырылған жүйесін енгізу біздің жұмысымызды айтарлықтай жақсартты және жеңілдетті, деді ол.

Инна Чертищеваның айтуынша, гамма-пышақ функциясы бар сызықтық үдеткіштің көмегімен биыл  жоғары технологиялық медициналық көмектің тағы бір түрі ісікті радиохирургиялық емдеу әдісі енгізіледі. Радиохирургия бұл  қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеуде қолданылатын сәулелік терапия әдістерінің бірі, ол иондаушы сәулеленудің дозасын дерттің ошағына бағыттайды, бұл өте жоғары дәлдікпен жасалады және оның айналасындағы сау мүшелер мен тіндерге кері әсері аз.

Инна Чертищеваның өзі 2018 жылы осы бағдарламаның қатысушысы болғанын айта кеткен орынды. Ұлыбританияда Манчестер қаласының Кристи клиникасында сүт безі обырын емдеудің онкопластикалық хирургиясын, сүт безін алып тастаған әйелдерге арналған реконструктивті-пластикалық хирургия әдістемесін меңгергеннен кейін онкомаммолог алған білімін облыстық онкологиялық орталықта белсенді түрде қолданып келеді.

  • Мұның бәрі өңір басшылығының қолдауымен жүзеге асты. Бағдарлама осы жылдар ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеді, бұған емделіп шыққан мыңдаған жерлесіміз дәлел. Бізде жұмыс істеуге, жаңа тәжірибе жинақтауға, медицина ғылымы мен практикасын дамыту үшін барлық жағдай жасалған және әріптестерім бұл үрдісті белсенді түрде қолдайды, деп түйіндеді Инна Чертищева.

Осы айдарда

Back to top button