Басты

Рұқсат беру жүйесі

Шығысқазақстандықтардың денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Өскемен және Семей қалалары аумағында тұрғындардың қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы ғана жүзеге асырылатын болады. Ол үшін рұқсат қағазының 2 түрі әзірленген.

№1 түрі екі үлгіден тұрады:

  1. Медициналық ұйымдар мен дезинфекциялық қызметтердің, әлеуметтік сала мекемелерінің, энергия өндіруші және энергия беруші компаниялардың, тіршілікті қамтамасыз ету қызметінің, коммуналдық қызметтің өкілдері мен волонтерлерге арналған.
  2. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, базарлар мен дүкендердің жеткізіп беру қызметінің қызметкерлеріне, ШОБ жұмысшылшарына (азық-түлік дүкендері мен дәріханалар) арналған.

№2 түрі екі түсті – ақ және жасыл болады және ол қала тұрғындарына арналған.

Жасыл түсті рұқсат қағазы айдың жұп күндерінде жүруге мүмкіндік береді. Ал ақ түсті рұқсат қағазы айдың тақ күндерінде жүруге мүмкіндік береді.

Рұқсат қағазын қолдану бір аптада үш-төрт реттен аспауы керек.

Бір отбасына бір ғана рұқсат қағазы беріледі. Қолында рұқсат қағазы бар адам сауда-саттық нысандары мен дәріханаларға барып, қажетті затын сатып ала алады, сондай-ақ банктердің қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.

Рұқсат қағазының екі түрінде де белгілеуге арналған 15 жиек болады. Рұқсат қағазын неше рет қолданғанын тексеру және белгілеуді бекітілген аумақтағы (Өскемен 200 шаршыға, Семей 202 шаршыға бөлінген) Полиция департаментінің қызметкерлері жүзеге асырады.

Жекеменшік көлігі бар адамдар рұқсат қағазын алатын кезде мемлекеттік нөмірге сәйкес (толығырақ «Көлік қозғалысының тәртібі» мақаласында жазылған) тиісті рұқсат қағазына (ақ немесе жасыл түсті) ие болу үшін автокөлігінің техникалық құжатын көрсетуі тиіс.

Жеке куәліксіз талон рұқсат қағазы жарамсыз.

 

Осы айдарда

Back to top button