Азық-түлік қауіпсіздігі

Қала тұрғындары риза болды

Облыс әкімдігінің кестесіне сәйкес, ауданның 13 ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын  өндірушілері ветеринариялық-санитариялық сараптаманың  құжаттары бар әртүрлі өнімдерін Өскемен қаласындағы Фреш Маркет  сауда  орталығына жеткізді.

Таңертеңнен  бастап жәрмеңкеге қатысушылар облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық талаптарды сақтай отырып, әртүрлі  ассортименттегі  өнімдерді саудалауға шығарды. Оның шінде 2,1 тонна жылқы еті, 2,6 тонна сиыр еті  және 550 келі қой еті, 1 тонна  әртүрлі сұрыптағы  бал, 300 литр күнбағыс майы, 1300 литр қымыз, сүт және сүт өнімдері, сары май, жұмыртқа және тағы да басқа өнімдер бар. Жәрмеңкеде Ақсу ауылдық округінің “Ақсу Дэен” ЖШС-і 2,5  миллион теңгенің панты өнімдерін және дәрілік  өсімдіктерден дайындалатын биологиялық белсенді қоспаларды саудалады. Қала тұрғындарының көңіл-күйі жақсы болды, себебі бағалар өте қолжетімді және нарықтағы бағадан  12-15% төмен болды. Мысалы, жылқы етінің 1 келісі – 2300 теңгеден, сиыр және қой етінің бағасы  – 2100-2200 теңгеден, күнбағыс майының 1 литрі – 680 теңгеден,  балдың  1 келісі 1700 теңгеден саудаланды. Жәрмеңкеге келушілер   аудандық  Мәдениет үйінің әртістерінің  өнерлерін тамашалады. Жалпы, қала тұрғындары катонқарағайлық шаруа қожалықтарына ризашылықтарын білдірді.

Тұрсынқан  Базарбаев

 Катонқарағай  ауданы.

 

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button