Облыс әкімі: бағыт-бағдар

Президент атынан ауызашар берілді

Өскемендегі Халифа Алтай мешітінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді. Бұл – Ораза ұстаған барша ағайынға көрсетілген айрықша ықылас һәм құрмет.

Мемлекет басшысы айтқандай, ислам діні ел бірлігі мен қоғам тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.

Ораза айы – жақсылық пен мейірімділік, бауырмалдық пен жанашырлық  көрінісі. Ауызашарда облыс әкімі жиналған жандарға игі тілегін білдірді.

– Руханият пен адамгершілікті ғылыммен, біліммен ұштастыра отырып, біз этносаралық және конфессияаралық бірлік пен өзара түсіністікті нығайта аламыз. Қасиетті Рамазан айының әр күні сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мейірімділік пен ізгілік әкелсін.  Баршамызды рухани жаңарып, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға шақыратын Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда Сіздерге күш-жігер, ынтымақ пен мол табыс, зор денсаулық тілеймін! Еліміздің бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Ораза қабыл болсын! – деді іс-шара барысында облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ауызашар алдында шақырылғандар адамдар құлшылық ордасындағы әзірге еліміздегі жалғыз ислам мәдениеті мұражайындағы  бірегей кітаптармен және  қолжазбалармен танысты. Мұражай заманауи IT-технологиялармен жабдықталған.

Айта кетейік, Ел Президенті атынан ауызашар Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылған болатын.

 DIDAR ақпарат

 

 

Осы айдарда

Back to top button