Полиция халыққа жақын болуы тиіс
Облыстық полиция департаментінде Президент Жолдауының негізгі ережелері талқыланды. Дөңгелек үстел аясында қоғам және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кездесті.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Оңарбеков полицейлерге артылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс атқару керектігін атап өтті.
– Жолдауда халықаралық тәжірибеге сай жұмыстың озық әдістеріне көшу міндеті көрсетілген. Біз полиция қызметкерлері ретінде азаматтардың талаптарына жауап беруіміз керек, – деді полиция полковнигі Ренат Оңарбеков.
Сонымен қатар, Президент Жолдауда бүкіл әлемде полиция сервистік модель негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Облыста сервистік модельге біртіндеп көшу жүзеге асуда, полиция департаментінде азаматтарға арналған қабылдау бөлмелері ашылды, оған кез келген азамат жүгініп, қажетті кеңестер ала алады. Екінші жыл жаңа қызмет – туристік полиция жұмыс істеуде, оның міндеті – мәдени орындардағы қауіпсіздікті қамту.
Ренат Оңарбеков Жолдауда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамту бойынша жеке блок бөлінгенін атап өтті. Президент құқық қорғау жүйесін реформалау және полицияның қызмет көрсету жөніндегі ішкі істер органына көшуі шеңберіндегі ағымдағы және стратегиялық міндеттерді белгіледі.
Мемлекет басшысы полицейлерді адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыт кадрларды іріктеу мен даярлауда басым болуы тиіс.
Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың өтініштеріне пәрменді жауап беру қажеттігін атап өтті.
– Бүгінде полиция департаменті әлеуметтік желілердегі ішкі істер органдары қызметіне қатысты жарияланымдарды тұрақты бақылауда. Жұмыстың осы бағыты халықпен кері байланысты жолға қоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты іске асуда, – деді Ренат Оңарбеков.
Сондай-ақ, ол учаскелік инспекторға басты рөл берілетін «Қадамдық қолжетімділік полициясы» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалаудың маңызына назар аударды. Учаскелік инспектордың мәртебесін арттырып, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсыну қажет. Ол азаматтар үшін танымал, қолжетімді, беделді болуға, олардың құқықтарын белсенді қорғауға тиіс.
Естеріңізге салсақ, 2020 жылды Ішкі істер министрлігі учаскелік инспектор жылы деп жариялады. Учаскелік инспекторлар халықпен тікелей байланысып, бірінші болып шешім қабылдайды. Қазір учаскелік полиция инспекторларына барлық жағдай жасалған, материалдық-техникалық база айтарлықтай нығайтылды.
Жергілікті полиция қызметі Жолдауда айтылған учаскелік полиция мәртебесін көтеру бойынша бейінді ведомствоға бірқатар ұсыныстар дайындаған.
Сонымен қатар, кездесуде ішкі істер органдарының басым міндеті құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың себеп-салдарын анықтау екені атап өтілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі