Денсаулық сақтау

Pfizer екпесі елге қашан жеткізіледі?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында елге жеткізілетінін айтты.

 

– Pfizer вакцинасын жеткізу биыл 8-14 қараша аралығында күтіледі. Бұрын айтылған шарт  міндеттемелеріне сәйкес, бұл екі миллион адамға екі миллионға жуық вакцина, бұл шамамен төрт миллион вакцина, – деді Шоранов.

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина – Pfizer.

Осы айдарда

Back to top button