Денсаулық сақтау

Паллиативтік көмек тегін

Айна Ескенқызы 

Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта облыс тұрғындарына енді паллиативтік медициналық  көмек көрсетіле бастады.

Адам үшін ең жақсы нәрсе – махаббат пен қамқорлық. Ол мейілінше көп болғаны дұрыс.

Облыстық фтизиопульмонология орталықтың жаңа паллиативтік көмек бөлімшесінде ауыр науқас пациенттерге медициналық көмек және кәсіби күтім дәл осы қағидатпен  көрсетіледі.

Паллиативті көмек-бұл ең алдымен адамның лайықты өмір сүру құқығы: ауырсынусыз, қорқынышсыз және жалғыздықсыз. Бұл пациентке ғана емес, оның отбасына да көрсетілетін көмек түрі деуге келеді.

Онкопатологиясы, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы, инсульт пен инфаркт салдары, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары бар емделушілерге тәулік бойы медициналық бақылау, кәсіби және сапалы күтім көрсетіледі.Айта кетейік, Өскеменде көптеген дерттерді қамтитын осындай медициналық көмек тек облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көрсетіледі.

Медициналық қызметтер кешені соматикалық жағдайды жеңілдетуге, радикалды емдеу көрсеткіштері болмаған кезде әртүрлі аурулардың ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған.

Паллиативтік медициналық көмек ТМККК пакетіне кіргендік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерімен қаржыландырылады, пациенттер үшін тегін. Қызметтің осы түріне қол жеткізу үшінмедициналық ақпарат жүйесінің  (МАЖ) ақпараттық порталында учаскелік дәрігерден ауруханаға жатқызуға жолдама алу керек. Сондай-ақ, жолдамадан басқа зертханалық және аспаптық әдістермен зерттеулердің қорытындылары болуы тиіс.

Егер пациенттің өздігінентексерілуге мүмкіндігі болмаса (қимыл-қозғалысы  бұзылса – парездер, параличтер немесе жағдайы ауыр болса), бұл жағдайда қажетті зерттеулер орталықтың өзінде жүргізілетінін еске салғымыз келеді.

 

 

Осы айдарда

Back to top button