Экология

Қоқысты контейнерге тастаңыз…

Кейде көрінген жерде шашылып жатқан қоқысты көргенде, көңілің кәдімгідей түсіп қалады. Тазалықты сақтау – қашан да маңызды мәселе. Енді самарлықтар қоқысты қайда төгемін деп еш бас қатырмайтын болды. Жақын арада тұрғындарға қызмет көрсетудің бұл түрі өз шешімін тауып, қалыпты арнасына да түспек.

Қоқысты контейнерге тастаңыз...Самарға барған сапарымызда аудан әкімі Дүйсенғазы Мусиннің бастамасымен 24 қоқыс контейнері мен арнайы қоқыс таситын көліктің сатылып алынғанын естіп, қуанып қалдық. Оларды сатып алуға аудандық бюджеттен алты миллион теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Жергілікті билік бұл қоқыс контейнерлерін ең алдымен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға, атап айтқанда, білім беру мекемелері мен медициналық-әлеуметтік нысандардың жанына орнатуды көздеп отыр. Одан кейін көп қабатты тұрғын үйлердің жанына орнатпақ.

Самар ауылдық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Сайфолла Мадияров қоқыс контейнерлерін қажетті жерге қоймас бұрын алдымен тариф мәселесін шешіп алу қажеттігін айтады. Алдағы уақытта бұл мәселе мәслихаттың қарауына ұсынылмақ.

Мейрамтай Иманғали

Көкпекті ауданы.

Осы айдарда

Back to top button