Ауыл шаруашылығы

Қой тұқымын асылдандырды

Қой тұқымын асылдандырдыАуданда мал тұқымын асылдандыруда өрелі істер атқарылуда. Қой түлігін алсақ, Көкжыра өндірістік кооперативі бұрын қазақтың асылдандырылған қылшық жүнді құйрықты қойын өсіріп келген еді.

Соның нәтижесінде ауданның көп-теген шаруашылық құрылымдары осы кооперативтен мал сатып алып, асыл тұқымды қой отарларын ұйымдас-тырған болатын. Биыл кооператив төрағасы Мәуліт Аязбаев қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институ-тының қызметкері А.Ахатовпен бірге қылшық жүнді құйрықты қоймен ақ қойды будандастыру арқылы оның аққарабас тұқымын шығарды. Олардың бұл селекциялық жұмысы Ауыл шаруа-шылығы министрлігінен қолдау табуда.

Ауданда ірі қара тұқымын асылдандыруда да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсірушілерді ынталандыру бағытында аудан бойынша 72 шаруа қожалығының құжаттары қабылданып, оларға мемлекеттен қайтарымсыз 359,5 мың теңге көмек жасау ұйғарылды. Бұл қаражат биылғы тамыз айының орта шенінен бастап берілмек.

Амангелді Жанахмет
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button