Ауыл шаруашылығы

Қой шаруашылығына инвестиция тартпақ

Қой шаруашылығына инвестиция тартпақ

Аягөз ауданына арнайы icсапармен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң «Emirates Future» компаниясы өкiлi Ризк Аззам мен «Eurasia Agro Group» корпорациясы директорлар кеңесiнiн төрағасы Балтабек Мұқашев келдi.

Іссапардың негізгі мақсаты Аягөз өңірінде қой шаруашылығын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу еді. Сапарлап келген құрметті қонақтар аудан әкiмi Н.Нұрғалиевпен бірге Ақши ауылдық округiне қарайтын «Сандықтас», «Асхат» шаруа қожалықтарының қыстақтары мен жайлауларын аралады. Содан кейiн аталған жобаның iске асу тетіктерін екi жақ бірге отырып талқылады.

Егер инвестиция тарту арқылы аймақтағы қой шаруашылығын дамыту туралы бұл игi бастама өзінің оң нәтижесін берсе, ауданды былай қойғанда, жалпы облысымызға үлкен пайдасы болмақ.

Осы айдарда

Back to top button