Ауыл шаруашылығы

Ой бөлісіп, тәжірибе жинақтады

Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына еңгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде және ауданның көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы туралы семинар-кеңес өткізілді.

Ой бөлісіп, тәжірибе жинақтадыСеминар-кеңеске Шығыс Қазақстан об-лысының ветеринариялық бақылау және қадағалау аймақтық инспекциясы бастығының орынбасары С.Сапарғалиев, Семейдің өңірлік ветеринариялық зертхана филиа-лының директоры Б.Гизатов, аудан әкімі Қ.Байғонысов, аудандық мекемелер мен ұйымдардың, ауылдық округтердің әкімдері және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Семинарда «Ауданның ауылдық округ-терінде көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы» да қаралды. Ауданымызда бүгінгі күнге барлығы 637 шаруа қожалығы бар. Соған қарамастан өткен жылы 88 шаруа қожалығы ғана егін еккен. Биыл 42500 гектар жерге егін егілмек, оның ішінде дәнді дақылдар – 21,4 мың гектар, майлы дақылдар – 8,4 мың гектар, картоп – 800 гектар, көкөніс және бақша дақылдары – 533 гектар және 11 367 гектар жерге егілмек.

Жиында аудандағы эпизоотиялық жағ-дай және мал ауруларының алдын алу барысында атқарылған ветеринариялық жұ-мыстар да тыңдалды. Қазіргі күні оңтүстік өңіріне үлкен қауіп алып келген аусыл ауруы жайында мағлұмат беріліп, бұған қосымша жануарларда кездесетін аурулар, олардың алдын алу үшін ауданда жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтылды. Осы мәселе жө-нінде баяндаған С.Сапарғалиев өз сөзінде сарып ауруына шалдыққан «Арбиев» шаруа қожалығының малдарын залалсыздандыру жұмыстары әлі аяқталмай жатқандығын айтып, жұмыстарды ширату қажеттігін ескертті.

Әсел Қасымғожина
Бесқарағай ауданы

Осы айдарда

Back to top button