Білім

Оқушыларды ойға жетеледі

Өскемендегі №7 кітапханада №27 мектептің 9-сыныбының 70-ке жуық оқушысының қатысуымен «Сенің өмірің. Сенің таңдауың» тақырыбында мінез ауытқушылығының алдын алуға байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оқушыларды ойға жетеледіОған облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Гүлнәр Асауп, Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының өкілі Мейрамгүл Ким және дәстүрлі діндер өкілдері қатысты.

Шара алдында оқушыларға сараптама сұрақтары таратылып, оның қорытындысынан мектептің ұстаз-психологтары хабардар етті. Шараға қатысқан қонақтар жасөспірімдер арасында кездесетін мінез ауытқушы-лықтары, оны тудыратын себеп-салдарлар жайлы әңгімеледі.

Әсіресе, оқушылар Дәулет имам әңгімелеген Мұхаммед пайғамбардың уағыздары мен Гүлнар Асауптың қиындықтарды жеңе білу жөніндегі пайымдауларын қызыға тыңдады.

Шара соңында аталған кітапхана-бөлімшенің меңгерушісі Рауза Исмурзина оқушылармен өткізген терең де мазмұнды әңгімелері үшін келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button