Денсаулық сақтау

Отаны робот жасады

Денсаулық сақтау саласыәлеуметтің өмір сапасының көрсеткішіне тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Биыл денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған  2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспарын түйіндеген жыл болғандықтаносы салада биыл қол жеткен табыстарға тоқталуды жөн көрдік.

Аймақтағы медицина саласының жетістігін айтқанда, аузымызға бірінші болып роботты хирургия түседі. Өткен жылы наурыз айында Өскемен қаласындағы №1 ауруханада италиялық доктор Стефано Джидароның басшылығымен Қазақстанды қойып, Азияда алғаш рет роботпен ота жасалған болатын. 2019 жылы №1 қалалық аурухана облыстық мамандандырылған медициналық орталық болып қайта құрылды. Қазір орталықтың мамандары роботтың көмегімен хирургиялық, гинекологиялық және урологиялық оталарды жасай береді. Ағымдағы жылығана орталықта барлығы 1349 жоғары технологиялы операция жасалыпты. Жыл басынан бері роботты хирургия және трансплантация орталығында роботтың көмегімен 149 операция жасалған. Ағымдағы жылы облыстық мамандандырылған медициналық орталығының 17 маманы Ұлыбритания, Италия, Беларусь елдерінде білімдерін жетілдіріп келді.  Олардың ішінде хирург дәрігерлермен бірге орта буын медициналық қызметкерлері де бар.

Шығыс Қазақстан онкологиялық аурулардың көрсеткіші жағынанда алдыңғы қатарда келе жатқаны өкінішті.  Жаман аурулардың алдын алу мақсатында биыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығына қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалауға арналған 3 теслді МРТ аспабы орнатылды. ТМД елдері бойынша баламасы жоқ, құны екі миллиард теңгеден асатын осындай аспаптың тағы бірі Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бар. Тіпті, Ұлыбританиядан шеберлік сыныптарын жүргізуге келген ғалымдардың өздері мұндай жабдықтың Лондонның барлық ауруханасында кездесе бермейтінін айтқан еді. МРТқұралына орнатылған фокусталған ультрадыбыстық қондырғы қуық асты безі рагын, гинекологиялық қатерлі ісіктерді азинвазивті әдіспен, хирургиялық жолсыз емдеуге мүмкіндік береді. Теңдесі жоқ аспапта жұмыс істеуді біздің онколог мамандар Израильде оқып, үйреніп келді. Соның нәтижесінде шығысқазақстандықтарға енді емделу үшін Алматымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен клиникаларға сабылудың қажеті жоқ.

Облыста жүрек-қантамырлары ауруларын емдеугеде жоғары көңіл бөлініп келеді. Тұрғындардың жүрек ауруларынан шегетін зардабын төмендету мақсатында облыстың кардиохирургия жүйесі жетілдірілуде. Үстіміздегі жылы облыстық ауруханаға құны 52 миллион теңге жаңа кардиохирургиялық қондырғы – эндовидеостойка аспаптарымен сатып алынды. Биыл жазда өңірге күрделі оталар жасап, шеберлік сыныбын өткізу мақсатында келіп кеткен әлемге танымал  кардиохирург Юрий Пяоблысқа жаңа кардиохирургия орталығы қажет екенін айтқан еді. Бүгінгі таңда облыстық аурухананың барлық операциялық блоктарын бір жерге тоғыстыратын қосымша ғимараттың жобасы дайын. Жапсарлас салынатын жалпы аумағы бес мыңшаршы метр  ғимараттаалты операция бөлмесі, жансақтау бөлімі, интенсивті терапия блогы шоғырланады. Мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Жаңа корпустың эскизін Юрий Пяның өзі бекіткенін айта кеткен орынды. Жоба жылына төрт мың адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыстық ана мен бала орталығында биыл Грузияның, Израильдің ғалымдары келіп, дәріс оқыды. Бұл емдеу ұйымында да дәрігерлерге шетелдік мамандардың шеберлік сыныптарын өткізуі жақсы дәстүрге айналған.

Өңірдегі бірқатар денсаулық сақтау ұйымдары болашақта облыс әкімінің тапсырмасы бойынша  JCI  халықаралық стандартына сай жабдықталуға тиіс. Олардың ішінде облыстық аурухана, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы, облыстық ана мен бала орталығы және Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасы бар.

Облыстағы кейбір заманауи медициналық құрал-жабдықтардың баламасы Қазақстандық ойып, бұрынғы кеңестік кеңістігіндегі елдерде де кездеспейді. Дәрігерлеріміз әлемнің ең үздік ғалымдары мен мамандарынан дәрі салу мүмкіндігіне ие болды.  Бағдарламалар аяқталғанымен, облыстың денсаулық саласын жетілдіру жалғаса береді деп сенеміз.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button