Жаңалықтар

Өскеменде шағын және микробизнес тауарларының көрмесі өтеді

Өскемен қаласында кәсіпкерлерге арналған шағын және микробизнес тауарларының көрмесі өтеді.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімдігі мәлімдеді. Көрмеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері көрсетіледі, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Іс-шараға шағын және микробизнеске ниет білдірген барлық субъектілер қатыса алады.

Көрменің мақсаты: қала кәсіпкерлерін қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттау мен жарнамалауға, басқа кәсіпкерлердің өнімдерімен танысуға және жаңа өткізу нарықтарын іздеуге жәрдемдесу.

Көрме 2023 жылдың қазан айының бірінші онкүндігінде өткізілмек.

Іс-шараға қатысу үшін өтінімді келесі электрондық мекенжайға жіберу қажет: pred-uk@mail.ru немесе 8(7232)262284 және 87761415552 (WhatsApp) нөмірлері бойынша хабарласыңыз.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 қазанға дейін жалғасады.

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button