Жаңалықтар

Өскеменде марафон жарысы өтеді

Өскеменде 10 шақырымдық марафон жарысы өтеді.

Қыркүйектің 24-де “Oskemen cross fest – 2023” кезекті марафоны ұйымдастырылады, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Марафонға кез-келген адам қатыса алады. 14-17 жас аралығындағы қатысушылар 3 шақырымға жүгіреді. 18 жастан асқан қатысушылар 10 шақырымды еңсеруге тиіс.

Марафонға қатысамын десеңіз, 20 қыркүйекке дейін +7 702 111 8809 байланыс номері арқылы тіркелу қажет. Тіркеу 20 қыркүйекте жабылады. Тіркелу номерін 23 қыркүйекке дейін Өскемен қалалық спорт бөлімінен алу қажет. Мекенжайы: Крылов көшесі, 112.

Тіркеуден өткен қатысушылар 24 қыркүйек күні сағат 8.00-ге дейін Республика алаңына жиналады. Сағат 8.15-те қатысушыларды стартқа автобуспен жеткізеді.

Старт: Шешек өткелі

Мәре: Республика алаңы

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс номері: +77028532654

Осы айдарда

Back to top button